Онлайн газет



ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Батыр аталарымыздың жанқиярлық ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажымас еңбектерінің арқасында келген Жеңістің 77 жылдығы аудан орталығындағы «Қайғылы ана» ескерткіші маңында аталып өтілді.
Алдымен жиналғандарды еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Серік Мамырбаев кең байтақ жерімізді жаудан қорғаған батырларымыздың өшпес ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегінің арқасында келген Жеңіс мерекесімен құттықтады. Ел басына күн туған шақта бұғанасы қатпаған 10 жастағы бала екендігін, өзі қатарластар қой сауып, жиналған сүт майдан даласына жіберілгендігін, жазда бидай бастырып, қырманға өгіз арбамен астықты тасығандықтарын тебірене отырып жеткізді. Ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ер-азаматтар және тыл ардагерлерінің жанкешті еңбектерінің арқасында қол жеткізілген Жеңістің, бейбіт күннің, тыныштықтың қадірін білудің маңызын айтып, игі тілегін білдірді.
Әрмен қарай Ұлы Отан соғысында құрбан болған ерлер бір минуттық үнсіздікпен еске алынды. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, ардагер-ұстаз Серік Мамырбаев бастаған азаматтар «Қайғылы ана» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

*    *    *
Бұдан соң жиналған қауым даңқты батыр атындағы саябаққа бет алды. Бүгінгі бақытты өмір үшін өшпес ерлік жасап, есімін ел жүрегіне жазып кеткен жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың ескерткішіне аудан басшысы Б. Қазанбасов бастаған аудан азаматтары гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жеңіс мерекесіне орай, ауылдық округтерде тұратын соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 13.05.2022 13:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1723
mod_vvisit_counterКеше1743
mod_vvisit_counterОсы аптада3466
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда21545
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2228931

Серіктестер