Онлайн газет



ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 5 маусымы күні жалпыхалықтық референдум өтетіні жайлы Қазақстан халқына бейнеүндеу жолдады. Бейнеүндеумен жан-жақты танысып, бұл жаңа Қазақстанды құруға бағытталған алғашқы қадамдардың бірі деуге болады. Жер-жерлерде референдумды қолдау штабтары құрылып, іске кіріскенін де баспасөз беттерінен оқып отырмыз.
Президентіміз биылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында ауқымды саяси реформалар жариялағаны белгілі. Аталған реформаның ерекшелігі - Президентіміздің бейнеүндеуінде аталып өткендей, «Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту». Енді міне сол ұсынылған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін Конституцияға бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілгелі отыр. Олардың арасында Мәжілістің, мәслихаттардың күшеюі, депутаттардың мажоритарлық жүйемен сайлануы, ауыл, аудан әкімдерін сайлау да басқаша сипат алмақ. Бұл партиялар арасында бәсекелестік тудырады.
Депутаттыққа сайлануда партияда жоқ азаматтарға да мүмкіндік жасалмақ. Ауыл, ауылдық округ әкімдерін сайлау өз нәтижесін берсе, ендігі кезек аудан әкімдерін таңдауға түскелі отыр. Одан кейін облыс әкімдерінде сайлаушылар таңдайтын болмақ. Ал мұның барлығы азаматтың қоғамды алға бастыратын, демократияны жаңа деңгейге көтеретін оңды өзгерістер деуге болады.
Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту- «мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі-халық» деген принциптің іс жүзінде орындалуының айғағы. Сондықтанда алдағы жалпыхалықтық референдумға ұйымшылдықпен қатысып, жаңа Қазақстанды құруға өз таңдауымызды жасайық.

Болат  Шоқайбаев,
Мәдімар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін39
mod_vvisit_counterКеше723
mod_vvisit_counterОсы аптада762
mod_vvisit_counterӨткен аптада5284
mod_vvisit_counterОсы айда12941
mod_vvisit_counterӨткен айда16630
mod_vvisit_counterБәрі1634194

Серіктестер