Онлайн газет



МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кешегі 1418 күн мен түнге созылған қырғын соғыстың арасынан елге аман-есен оралған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Туған жердің бостандығы мен азаттығы үшін қолына қару алып, елін жаудан қорғаған ардагерлерге құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев мереке күні Жетібай және Жақаш ауылдарының тұрғындары, соғыс және еңбек ардагерлері Рахымжан Мамыралиев пен Өнербай Молдабаевты, сондай-ақ Түймекент ауылының тұрғыны, тыл ардагері, ауданның Құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Серік Мамырбаевты үйлеріне барып, Жеңіс күні мерекелерімен  арнайы құттықтап қайтты.
Аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы қос соғыс ардагеріне Ұлы Отан соғысы кезінде көрсеткен ерліктері, соғыстан кейінгі бейбіт өмірдегі еңбектеріне алғыс айтты. Бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлауға қосқан үлестері мақтауға тұрарлық екенін атап өтті. Сондай-ақ тыл ардагері, ардагер-ұстаз Серік ағамыздың да сол сұрапыл соғыс жылдары тылда тынымсыз еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға қосқан үлесі, бейбіт өмірдегі көп жылғы жемісті еңбегіне алғыс білдірді.
Аудан басшысы майдангерлер мен тыл ардагеріне зор денсаулық, отбасы амандығын тілеп, сый-сияпатын жасады.

Өз тілшіміз.

Обновлено 13.05.2022 13:06
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1200
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5341
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30908
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201638

Серіктестер