Онлайн газет



РЕФЕРЕНДУМ - ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

Биылғы жылдың 5 маусымында елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін референдум өткізіледі. Осыған байланысты облысымызда референдумды қолдау туралы қоғамдық штабы құрылғаны белгілі. Кеше аталған штабтың мүшелері Бақтияр Қарауылов, Серік Тәжібаев, Идрис Юнусовтар ауданымызда болып, бірнеше мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Алғашқы кездесу Сарыкемер ауылындағы № 1 мектеп-гимназияның мәжіліс залында өтті. Оған ауыл тұрғындары, ардагерлер мен ұстаздар, оқушылар мен аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қысқаша кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Онда алдымен Б. Қарауылов сөз алды. «Енді аз күнде еліміздің тарихын айқындайтын сәт туғалы отыр. Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі өзгерістер мен толықтырулар арқылы жаңа мазмұнға ие болмақ. Оларды тарқатып айтатын болсақ адам құқығының тапталмауы, өркендеп өсуіне мүмкіндіктер туады. Президентіміз партия қатарында болмай, барлық партияларға тең жағдай жасап, олардың саяси аренада өздерін көрсетулеріне мүмкіндік туғызғалы отыр. Президенттің жақын туыстарының саяси лауазымда болмауы да көңілге қонымды. Аудандық және қалалық, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың тәртібінде де өзгерістер болмақ. Міне, осындай, бұдан басқа да өзгерістер енгізілгелі отырған референдумға ұйымшылдықпен қатысайық».
- Конституциямыздағы өзгерістерді Парламентте де өзгертуге болады. Алайда Президентіміз мұны халықтың талқысына салып отыр. Халықтың ой-пікірін білмек. Дауыс беруге жәй бармай, ойланып барған дұрыс. Менің айтарым осы референдумнан кейін көп өзгерістер болады. Соның бірі – Конституцияда халықтың жер мен табиғи ресурстардың иесі екені туралы норманың бекітілуі ең маңызды түзетулердің бірі болмақ. Әлеуметтік, басқа да жағдайлар жасалады. Сондықтанда референдум кезінде халық ауызбірлік танытып, Президентімізді қолдаулары керек. Демек, сайлауға біркісідей қатысып, өз таңдауымызды жасайық,-деді С. Тәжібаев.
И.Юнусов та ауыл халқын ауызбірлікке, референдумды қолдап, дұрыс таңдау жасау керектігіне баса назар аударды. 
Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Серік Балабеков пен аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев өз сұрақтарын қойып, оған жауап алды. Референдумды қолдайтындықтарын айтып, жерлестерін азаматтық позицияларын білдіру үшін референдумға қатысуға шақырды.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы қорытындылады.
Міне, осындай халықпен кездесулер «Әулиеата Феникс» ЖШС, аудандық емхана қызметкерлері, Үлгілі, Қызыл жұлдыз ауылдары тұрғындарымен де өтті. Аталған кездесулерде жоғарыда аталған референдумды қолдау жөніндегі Жамбыл облыстық қоғамдық штабының мүшелері Конституцияға енгізілетін өзгерістерді бекіту үшін өтетін референдумның мәні мен маңызына тоқталып, орын алатын өзгерістер елімізді дамытуға бастайтынын жан-жақты айтып берді. Халықтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, елді ұйымшылдықпен сайлауға қатысуға шақырды.

Сүндетулла Әбілов.

Обновлено 13.05.2022 13:04
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін716
mod_vvisit_counterКеше771
mod_vvisit_counterОсы аптада716
mod_vvisit_counterӨткен аптада5284
mod_vvisit_counterОсы айда12895
mod_vvisit_counterӨткен айда16630
mod_vvisit_counterБәрі1634148

Серіктестер