Өткен аптада аудан әкімі Бақыт Қазанбасов ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай, бір топ әскерилерді қабылдады. Қабылдау барысында Бақыт Алпысбайұлы бар ғұмырын Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып келе жатқан әскери қызметкерлерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі
- Қарулы Күштердің 30 жылдығы және Отан қорғаушы күнімен құттықтады. -Елдің біртұтастығы мен халықтың тыныштығын сақтауда айбынды сарбаздардың атқаратын рөлі жоғары. Ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңе табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,- деді аудан басшысы. Бұдан соң сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев та ізгі лебізін жеткізді. Әрмен қарай мереке иелеріне аудан әкімінің Алғыс хаттары мен сый-сияпаттары табыс етілді. Қабылдау барысында әскерилер атынан сөз алған №40336 Ақжар әскери бөлімнің командирі, полковник Сергей Ломов пен Қайнар ауылындағы №28349 әскери бөлімнің командирі, полковник Еркін Абдысадықов өздеріне көрсетілген құрметке алғыстарын айтты.
«Ауыл жаңалығы» - ақпарат. |