Онлайн газет



ТУҒАН АУЫЛЫНДА ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Есімі елімізге кеңінен белгілі қоғам қайраткері, әдебиеттің алуан жанрында талантты шығармалар жазған көп қырлы қаламгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» және үшінші дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Жамбыл облысы мен Байзақ ауданының Құрметті азаматы Арғынбай Бекбосын ағамыздың қайтыс болғанына бес жыл толды.
Осыған   орай  дүйсенбі күні туып-өскен Қосы батыр  ауылында   еске алу шарасы  өтті. Оған  Жамбыл облысының  және Байзақ ауданының Құрметті азаматы   Аманкелді Карентаев, «Қосы батыр» қоры төрағасының орынбасары, Тараз өңірлік университетінің профессоры Болат Үсенбаев,  Байзақ ауданының Құрметті азаматы,  мемлекеттік қызмет ардагері Назым Қуанышбаева, «Қосы батыр» қорының Төралқа мүшелері  Сейітжан Желдікбаев, Рашид Қойлыбаев, Есберген Базарқұлов, Арыстан Найзабеков,  тексеру комиссиясының мүшесі  Құрал Арықбаев және  Арғынбай ағамыздың жары – Дариға жеңгеміз, ұлы Абай мен қызы Жанерке, ағайын-туыстары мен   ауыл тұрғындары қатысты.  
Ораза айттың бірінші күні  өткен  шараға  қатысушылар алдымен «Қосы батыр» мешітінде болды. Бұл жерде   Арғынбай  ағамызға  және  осы ауылдан шыққан, бақилық болған   басқа да елге танымал  азаматтардың  рухтарына Құран бағышталды.
Бұдан   кейін  Арғынбай ағамыздың  қабірі басында   болдық, Құран оқылды.    Туысы Асқар Тілебековтің   дастарханы үстінде де Құранға қол жайдық,  ағамыз туралы естеліктер айтылды.Дариға жеңгеміздің  қатысуымен өрбіген әңгіме барысында   алдағы маусым айында аталып өтілгелі отырған 85 жылдығына әзірлік барысы  туралы да сөз болды. Суханбаев ауылдық округінің  әкімі Рашид Қойлыбаев, «Қосы батыр» қоры төрағасының орынбасары Болат Үсенбаев Тараз қаласындағы тұрған үйіне ескерткіш-тақта орнату, Қосы батыр ауылындағы  өзі салдырған мектепке есімін беруге қол жеткізу, осында мұражайын ашу бойынша  жұмыс жүріп жатқаны, басқа да бірқатар  шаралар  атқару көзделіп отырғаны жайлы айтты.
Иә, туған халқына адал қызмет еткен, облыстық «Ақ жол» газетін басқарған кезінде оны республикадағы ең айбынды, беделді басылымдар қатарына қосқан  Арғынбай Бекбосын ағамыздың  есімін ардақтау, артында қалдырған мол рухани  мұрасын насихаттау бойынша жұмыстар  жалғаса бермек. Облыстық «Ақ жол» газетінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай ерекше болмысы,  азаматтық және қаламгерлік ерліктері туралы  мақалалар  жарияланып, роликтер көрсетіліп жатқаны да есімі ұмытылмай,  бейнесі жылдар өткен сайын биіктей беретіндігінің айғағы.

Тұрсынхан Толқынбайұлы,
ардагер-журналист,
ауданның  Құрметті азаматы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін44
mod_vvisit_counterКеше723
mod_vvisit_counterОсы аптада767
mod_vvisit_counterӨткен аптада5284
mod_vvisit_counterОсы айда12946
mod_vvisit_counterӨткен айда16630
mod_vvisit_counterБәрі1634199

Серіктестер