Онлайн газет



ЕНДІ СОҒЫС БОЛМАСЫН

Дүниені дүр сілкіндірген сұрапыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 77 жыл толды. Соғыс жаңғырығы ел санасынан алыстап, мүлдем ұмыт бола бастады.
Біздің Мәдімар ауылы ақырғы соғыс ардагерін 2009 жылы соңғы сапарға шығарып салып еді. Ол ауылымыздың құрметті қариясы Сахыбай Жолдасбеков болатын.
Қазір, байқап отырсақ соғыс кезінде өз халінше тылда еңбек еткен жасөспірімдердің өзінен ауылымызда 4-ақ адам қалған екен. Олар саналы өмірін халық ағарту ісіне

арнаған ардагер-ұстаз Қаражан Шотаев, шаруашылықтың әртүрлі саласында жұмыс атқарған, кәсіпкер Нуаз Билібаев, механизатор, кәсіподақ саласында көп жылдар еңбек еткен Кеңес Нуридинов және шаруашылықтың егін саласында көп жыл жұмыс істеген ардагер анамыз Жұмакүл Молдабайқызы. Осылардың әрқайсысы-ақ сонау зұлмат жылдар жөнінде еске алғанда ел басына түскен ауыртпалық жайлы тебірене отырып әңгімелейді. Қызықсыз, аш-жалаңаш өткен балалық шақтарын күрсіне еске алады.
«Соғыс бізді еңбекке ерте араластырды, бұғанамыз қатып, буынымыз беки де қоймады десемде болады. Соған қарамастан уақытпен санаспай шамамыз келгенше жұмыс істедік.  Үлкендер болса түгелдей соғысқа аттанып кетті. Шикі өкпе баламыз, жұмыстың көзін таппай қиналамыз. Сондайда соғыстан «броньмен» қалған Рахым, Әбиүсіп сияқты ағалар үнемі қасымыздан табылып, жәрдем ететін, ақылдарын айтатын. Жазда егін орағы кезінде мен сияқты балалар бункер арбамен қырманға астық тасыдық. Қыста малға жемшөп таратуға жәрдем беретінбіз. Қысқасы әжетке жарап қалған балалар бос болмайтын. Балалықпен ерте қоштасып, осылайша, шыңдалып өстік. Ал мұның барлығы Ұлы Жеңіске біздің қосқан үлесіміз болды»,-деп еске алады сол бір мазасыз күндерді Қаражан ақсақал.
Иә, сол кездегі ел басына түскен ауыртпалық салдарынан еңбекке ерте жегілген ауыл балалары ойынды еңбекке айырбастап, Жеңістің жақындауына өз үлестерін қосты. Тылда еңбек еткендердің еңбегі ерлікке пара-пар деуге болады. Олай дейтініміз солардың жанқиярлық еңбегінің арқасында еліміз Жеңіс туын желбіретіп, қазір бейбіт өмір кешіп жатыр.
Арамызда жүрген аз ғана тыл ардагерлерін Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтай отырып, отбастарына береке-бірлік, ұрпақтарына бейбіт те, бақытты өмір тілейміз. Енді ешқашан соғыс болмасын!

 

Болат Шоқайбаев,
Мәдімар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Обновлено 11.05.2022 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін37
mod_vvisit_counterКеше723
mod_vvisit_counterОсы аптада760
mod_vvisit_counterӨткен аптада5284
mod_vvisit_counterОсы айда12939
mod_vvisit_counterӨткен айда16630
mod_vvisit_counterБәрі1634192

Серіктестер