Онлайн газет



КОМИССИЯНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ

Жуырда, «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы Мемлекеттік  басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық  кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өткізіліп,  оның жұмысына Алтынбек Жамишжанов төрағалық етті.
Отырыстың күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, “Байзақ ауданы бойынша елді мекендердің ауыз  сумен қамтамасыз етудің барысы туралы” аудан әкімдігі тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқынбек Шогаловтың  және «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске арысу мақсатында сайлауалды бағдарламаның Жол картасындағы 2021 жылы жүргізілген жұмыстардың барысы туралы” аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлованың есептері тыңдалды.  
Елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жоспарға сәйкес, бүгінгі күнде аудан аумағындағы 15 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмағанын атап өткен Жарқынбек Шогалов орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 8 елді мекенге ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық - сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынғанын, орталықтандырылған ауыз су жүргізілген елді мекендерде тұрғындардың ауыз суға қосылу барысына тоқталды. Ал, Әлия Саққұлова өз баяндамасында «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына сәйкес жергілікті бюджеттен берілген біржолғы әлеуметтік көмек, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, жергілікті уәкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқандар, атаулы  әлеуметтік көмек  тағайындалған отбасылар, кепілдендірілген әлеуметтік пакет, демеушілер тарапынан  берілген азық-түлік себеттері жөнінде баяндады.    
Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті Қаулылар қабылданды.

Жұлдыз МАМЫҚОВА,
аудандық  партия филиалының консультанты.

Обновлено 11.05.2022 11:21
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін37
mod_vvisit_counterКеше723
mod_vvisit_counterОсы аптада760
mod_vvisit_counterӨткен аптада5284
mod_vvisit_counterОсы айда12939
mod_vvisit_counterӨткен айда16630
mod_vvisit_counterБәрі1634192

Серіктестер