Онлайн газет



«TALAP CUP V» ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫСЫ

Пікірсайыс жастардың ой - өрісін дамытуға, логикалық ойлау және өз ұстанымын білдіруді үйрететіні белгілі. Сонымен қатар, кез келген жағдай мен проблеманы әртүрлі жағынан талдауға және жаңа идеяларды қабылдауға икемдейді.
Жуырда, Қызыл жұлдыз ауылдық округіндегі Н.Ақшабаев орта мектебінің базасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және Балалар жылына орай, «TALAP CUP V» облыстық мектеп оқушылары арасындағы пікірсайыс турнирі болып өтті. Аталған турнирге Тараз қаласы мен 9 ауданнан, 74 команда қатысып, шара Америкалық Парламенттік форматта өткізілді.
Аса тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша "Альфа" лигасында Түймекент орта мектебінің «Кенесары хан» (Камалладин Нүрила, Серікбай Асылжан) фракциясы топ жарып, бірінші орынға ие болса, Жамбыл ауданынан келген Ә. Айтиев орта мектебінің «М. Нұрбаев» (Алтынбай Әсем, Балтабай Жалғас) фракциясы екінші орыннан көрінді. Ал, үздік үштікті Сарыкемер мектеп – гимназиясының «А. Жұбанов» (Есенбаева Ұлдана,Талғатбекқызы Көркем) фракциясы, Тараз қаласы, №12 мектеп – гимназиясының «Н. Ақшабаев» (Мамырбек Ислам, Қанатқызы Дана) фракциясы, Бауыржан Момышұлы атындағы классикалық гимназиясының «Қанымқыз Тортаева» (Абдрахман Еркежан, Баймұрат Шұғыла) фракциясы еншіледі.
"Бетта" лигасында Айша бибі қыздар БИЛ «Шәкәрім Құдайберді» (Аллаберген Тоғжан, Темірлан Аяна) фракциясы бірінші орынды иеленсе, жүлделі екінші орын Тараз қаласы, №5 Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназиясының «Тұрсын хан» (Қожамқұл Назерке, Момыш Мерей) фракциясына бұйырды. Жуалы ауданының №15 лицейінен сынға түскен «Шоқан Уәлиханов» (Еділбай Ақбота, Қалып Назерке) фракциясы мен Тараз қаласындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп намысын қорғаған «Т. Рысқұлов» (Ілиясова Нұрдана, Тұран Ақзере) фракциясы үшінші орындарға лайық деп танылды.
Айта кетейік, жүлделі орындармен қатар үздік спикерлер мен үздік төрешілер де анықталды.  Атап айтқанда, Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясынан Шапағат Бахытқызы «Ең үздік спикер», Тараз қаласы, №5 Жамбыл Жабаев атындағы мектеп- гимназиясынан Назерке Қожамқұл «Үздік спикер», аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығынан Шырайлым Рахманова мен №5 Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназиясынан Диана Әбдіғаппар «Ең үздік жетекші», Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясынан Арман Меңлібеков пен Ерғали Әбуғали «Үздік жетекші», Фариза Амантаева «Ең үздік төреші», Дилназ Малик, Фариза Қалисаева «Үздік төреші» атанды.

Қуаныш АРЫҚБАЕВ,
Қызыл жұлдыз ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1528
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7545
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33112
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203842

Серіктестер