Онлайн газет



БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімдігі жанындағы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын  ұйымдастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, оны төраға, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Даулетов жүргізіп отырды.
Отырыста облыстық білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің әдіскері Назира Құлмаханбетова «Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарының барысы туралы» баяндады.
Баяндамашы биылғы жылы қала сыртындағы лагерьлерде  2-7-сыныптың 300 оқушысы демалатындығын, ал мектеп жанындағы лагерьлерде 1404 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылатындығын айтты.
Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен биылғы жылы жергілікті бюджеттен 18972000 теңге қарастырылған екен. Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагерьлердің жұмысы 1 маусымнан басталып, екі кезеңде ұйымдастырылмақшы.Бірінші кезең  маусымның 1-і мен 11-і,  екінші кезең 13-і мен 23-і аралығын қамтиды. Негізінен мектепішілік және сыртқы сауықтыру лагерьлеріне жетім, көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары және үздік оқушылар қамтылып отыр.
Комиссия төрағасы Дәуір Даулетов  мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстарына жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ, мектепішілік  және сыртқы сауықтыру лагерьлеріне баратын балалардың  су және өрт кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қатысты тұлғаларға ақпараттық-ағартушылық жұмыстарын жүйелі жүргізуді тапсырды.
Отырыс барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының  басшысы Рита Алтынбасова қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердің аумағын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру шараларын жүргізу қажеттігіне екпін салды.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселеге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 04.05.2022 10:46
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1710
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5851
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31418
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202148

Серіктестер