Онлайн газет



ӨТІНІШ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудан әкімдігінде ауданымыздың бірнеше азаматын өздерінің жеке өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков, аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбеков, тиісті бөлім басшылары қатысты.
Қабылдауда болған Байзақ ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Орынбек Тұрапбаев ауылындағы Аманкелді көшесінің электр жарығы мен жолды жөндеу мәселесін айтты. Ал ауылдағы ауызсу мәселесінің оң шешімін тапқанына ризашылығын білдірді.
Аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы бұл көшедегі аталған екі мәселені де жақсы білетінін айтып, екеуі де келесі 2023 жылы «Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүзеге асатынын жеткізді.
Кеңес ауылының тұрғыны Рая Мадалиева тұрғын үйдің құжаттарын заңдастыруға қаржылай көмек сұраса, сарыкемерлік Асқар Рақұлов тұрғын үй соғуға, Асан Иманқұлов кәсіпкерлікпен айналысуға жер учаскесін, Абдыраман Тұрсынбаев пен Гульнура Билалова жерлерін заңдастыруды сұранды.
Аудан әкімі Б.Қазанбасов тұрғындардың сұраныстарын мұқият тыңдай келе  Сарыкемер ауылында жердің жоқтығын ашық айтты. Ал үй салуға, болмаса басқа да қажеттілікке жерді аудан орталығына көрші болмаса жақын маңдағы ауылдардан алуға болатынын атап өтті. Дегенмен аудан әкіміне қойылған сұраныстар зерделеніп барып заң аясында шешім қабылданатынын жеткізді. Бұл үшін тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ.

Обновлено 29.04.2022 10:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін831
mod_vvisit_counterКеше1857
mod_vvisit_counterОсы аптада8705
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда34272
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2205002

Серіктестер