Онлайн газет



ВАКЦИНАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Вакцинация - инфекциялық аурулармен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Адам ағзасына әлсіз микроорганизмдерді енгізу әдісі ХVІІІ ғасырда медицина ғылымындағы жетістіктердің бірі болды. Иммунитет қалыптастыру мақсатында жүргізілген екпелер миллиондаған адамдар өмірін сақтап қалды.
Жедел вакцинация мемлекеттік медициналық мекемеде  ақысыз, медициналық сақтандыру құжатының барына қарамастан жүргізіледі. Мысалы, хайуанаттардан (жабайы немесе үй жануарларының тістеуінен, тырнауынан) зардап шегу кезінде құтыруға қарсы екпелер салынады. Ең тиімдісі-ерте салынған вакцина. Жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы  егу жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында тұратын, жұмыс істейтін, тұрғындарға (көктемгі-жаздық кене энцефалиті, түйнеме, туляремия, оба) салынады. Тері жабындары мен шырышты қабықтарының бүтіндігінің бұзылуына байланысты жарақат, зақым алған тұлғалар да сіреспеге қарсы екпе алады.
Жоспарлы вакцинация-арнайы  Ұлттық күнтізбе жоспарына сай жүргізіледі, профилактикалық вакцинациялар тегін өткізіледі. Әр адам тегін екпе алуға құқылы. Вакцинамен қамтамасыз ету-мемлекеттік деңгейде іске асады.
Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі-бұл ресми құжат, мерзімімен егуді тағайындайды. Өмірдің бірінші тәуліктерінде сәбиге туберкулез, В гепатитіне қарсы вакцина егіледі. Егудің көбін нәресте 1 жасқа дейін алады. Себебі баланың шектеулі байланыстан қажетті иммунитеті балабақшаға барған кезде көп көлемді инфекциялардан қорғану үшін керек. 1 жасында бала туберкулез, В гепатиті, көкжөтел, күл, сіреспе, пневмококк, қызылша, қызамық және паротиттен екпе алуы тиіс. Әр айтылған ауру балаларда  ауыр түрде өтеді. Кейбір ата-аналардың  сәбиінің денсаулығына жеңіл қарап, немесе екпелерден бас тартып, өз баласын аурушаңдыққа, өлімге итермелейді. Дәрігер ұсынған тізім мен егу уақытын сақтау иіндетті.
Бүгінгі таңда көкжөтел мен күл ауруына шалдығулар дамыған елдерде бірен-саран тіркеледі. Бұл вакцинацияның тиімділігінің айғағы болып табылады. Сондықтан ата-аналар балаларының екпе алуына жауапкершілікпен  қарауы тиіс.
Құрметті ата-аналар! Дер кезінде екпе алмағандықтан алдын алуға болатын жұқпалы аурулардан жер бетінде жүз мыңдаған балалар өмірмен қоштасуда. Біз аталмыш аурулардан балаларымызды, өзімізді, жақындарымызды қорғаудың ең сенімді жолы-уақтылы вакцинациялану екенін естен шығармауымыз керек.
2022 жылғы сәуірдің 24-і мен 30-ы аралығында Еуропалық иммундау аптасы (бұдан әрі-ЕИА) өткізілуде. «Барлығына ұзақ өмір!» ұранымен өткізілетін ЕИА мақсаты-вакциналарға тең және кең қолжетімділіктің маңыздылығын атап өту. Бұл әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге ықпал ететіндігін хабарлау, жасөспірімдерге, ата-аналарға және денсаулық саласындағы мамандарға вакцинациялау пайдасына иммундау жөніндегі дәлелді ақпарат негізіндегі саналы таңдау жасау қажеттігі туралы еске салу. Және ғылыми негізделген ақпаратты тарату, ата-аналарды олардың отбасы мүшелерінің өздерін қорғау үшін де басқа адамдарды қорғау үшін уақтылы иммундау өтудің, яғни жалпы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардар ету, шет мемлекеттерден елге келген көптеген босқындарды қабылдау үшін денсаулық сақтау жүйелерінің әлеуетін арттыру және вакциналарға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Гүлнәр Алиева,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1439
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7456
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33023
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203753

Серіктестер