Онлайн газет



БАСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОРТАҒА САЛЫНДЫ

Өткен сәрсенбіде жетінші сайланған  аудандық мәслихатта тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтіп, оған Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі  Бауыржан Жолымбетов, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Тұрақты комиссия отырысын «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Елнұрбек Ермеков жүргізіп отырды.
Ең алдымен Қазақстан Республикасының бюджет Кодексінің 132-бабы, 2-тармағының талаптарына сәйкес күн тәртібіндегі «Байзақ ауданының 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы» аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Қанай Жүзбаевтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамашы бюджеттің кірісі, яғни, жоғарғы тұрған бюджет есебінен түскен трансферттік түсімдер мен бюджеттің шығыс бөлігінде өзіндік ішінара үнемделген қаржылар мен өзіндік кірістерді ұлғайту есебінен қаралған қаражаттарды атап өтті. Бұдан кейін  Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Жолымбетов аудандық жергілікті атқарушы органның есебіне талдамалық баяндама жасады.
Жалпы 2021 жылғы аудан бюджетінің түсімдерінің бекітілген жоспары 19 524 409,0 мың теңге, нақтыланған бюджет –21 747 599,0 мың теңге, түзетілген бюджет – 22 342 296,1 мың теңгені құраған. Бюджет түсімдері 22 414 753,7 мың теңгеге орындалып, 100,3 пайызды құраған, яғни аудан бюджетіне 72 457,6 мың теңге артық түскен.  Оның ішінде: түзетілген кірістер сомасы – 22 167 850,1  мың теңге болса, атқарылғаны 22 234 161,8 мың теңге, түзетілген кірістер 100,3% құраған, немесе 66 311,7 мың теңгеге артық орындалған. Ал бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 364 302,5 мың теңгеге кемігенін (анықтамалы: 2020 жылы орындалуы - 26 598 464,3 мың теңге) көрсетеді. Бюджеттік кредиттерді өтеудің түзетілген сомасы – 20 793,0 мың теңге болса, атқарылғаны 26 938,9 мың теңгені құрап, 6 145,9 мың теңгеге артық түскен немесе 129,6% құраған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 350,0 мың теңгеге артқанын (анықтамалы: 2020 жылы шығыстардың орындалуы – 17 588,9  мың теңге) жеткізді.
Одан кейін  аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов, Дихан ауылдық округінің әкімі Жұман Абдуалиев, «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Елнұрбек Ермековтер қосымша баяндамалар жасады.
«Жалғызтөбе, Мырзатай және Дихан ауылдық округтері әкімдіктерінің тұрғындарды үй салу үшін жер учаскесімен қамтасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы» екінші мәселе бойынша аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Телеуов баяндады. Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Елнұрбек Ермеков аталған мәселе бойынша  жүргізілген зерделеу нәтижесіне екпін салды.
Отырыс үшінші мәселесі бойынша Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев «Ауданның атқарушы органдарының балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту, балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету саласындағы атқарып жатқан жұмыстары туралы» баяндамасымен таныстырса, аудандық мәслихаттың «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі, спорт мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Шолпан Байтақова білім ордасындағы бірқатар өзекті мәселелерді қозғады.
Төртінші мәселе бойынша комиссия отырысында аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова «Байзақ ауданының жергілікті атқарушы органдарының мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кедергісіз орта құру жөніндегі жұмысы туралы» есепті баяндама жасаса, «Экология, табиғатты пайдалану, денсаулық, жанұя мен әйелдер ісі, мүгедектер және тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігін әлеуметтік қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Мырзағали Мәдімаров зерделеу бойынша анықталған кемшіліктерді атап өтіп, оның шешілу жолдары туралы ұсыныстарын  ортаға салды.
Сессия соңында күн тәртібіне енгізілген мәселелерге қатысты тиісті қаулылар қабылданып, жұмыс жоспарына сай келесі тұрақты комиссияларда қаралатын мәселелер таныстырылды.

Арайлым Нарбатыр.

Обновлено 26.04.2022 12:17
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін781
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6798
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32365
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203095

Серіктестер