Онлайн газет



ХАЛЫҚҚА САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ - КҮН ТАЛАБЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтерудің маңызы айтылған болатын.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі - әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
«Түймекент ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету тетігі және үйлестірушісі болғандықтан, округте орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, ақпараттық орталық жұмыстарының сапасын бақылап, халыққа сапалы қызмет көрсету, қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша жұмыстар атқарып келеді.
2022 жылдың 1-тоқсанында  Түймекент ауылдық округінде 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде жерге кезекке қою - 4. Ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында азаматтардан  арыз-шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік органдар мен қызметшілердің жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болып табылады. Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету-маңызды міндет.

Қанат СМАҒҰЛОВ,
Түймекент ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін195
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада851
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1664
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673286

Серіктестер