Онлайн газет



ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың  қадағалаусыз, ата-анасының қарауынсыз  қалуының алдын алу маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Ұрпақты өмірге келтірген соң оны өсіріп дұрыс тәрбие беру, заңды сыйлауды үйретуде кемшілік орын алып жататындығы жасырын емес. Кейінгі кезде жасөспірімдердің жан-жақты интеллектуалдық жағынан жетілу, жылдам өсу процесі байқалуда. Мәселен, балалар, жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар көбіне–көп уақыттарын үйде, ата-аналармен бірге өткізеді. Отбасында  жас буын ата-аналарының бойындағы қасиеттерді бойына дарыта отырып, соларға еліктейді.
Міне осы жерде көптеген ата-аналар  ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлмей, еркіне жіберетіндер де баршылық. Олардың бос уақыттарын қалай өткізіп жүретіндіктеріне, араласып жүрген достарымен, ортасының қандай екендігіне мән бермейді. Ата-аналардың осындай қамқорлығына сүйеніп, көптеген кәмелетке толмағандар түрлі қылмыстарға барады. Сондықтан ата-ана бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, оның іс-әрекетіне баға беріп отыруы тиіс.
Құқықтық тәрбие жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сезімін қалыптастырады,  жасөспірімдер арасындағы қылмыстық әрекеттерді алдын алуға мүмкіндік туғызады. Жалпы жөспірімдер тарапынан орын алған ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек. Өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, баланың алдағы өміріне кері әсер етеді.
Бала тәрбиесі - ұлы іс. Ата - ана бала алдындағы міндетін әсте ұмытпағаны ләзім. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу проблемасын шешу ішкі істер органдары алдындағы ғана емес, бүкіл қоғам, мемлекет алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Бұл міндетті орындау баршаға жүктелген маңызды  шаруа.

Сауле ТЛЕУҚҰЛОВА,
Сарыкемер ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін204
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада860
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1673
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673295

Серіктестер