Онлайн газет



БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІЛДІ

Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Оны аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил жүргізіп отырды.
Отырыс барысында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев «Аудан әкімдігі білім бөлімімен орта білім беру ұйымдарында интернет желісіне Қазақстан Республикасында тыйым салынған экстремистік діни ұйымдар

мен әлеуметтік желідегі сайттардан шығару, алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы» баяндамасы тыңдалды.
Баяндамашы елімізде тыйым салынған сайттарға биылғы жылдың бірінші тоқсанында ауданымызға қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары кірмегендігін баса айтты. Оқушылардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімімен бірлесіп Түймекент, Ғ.Байтасов, Сарыкемер, С.Абланов, Бурыл, №1 орта мектептерінде теолог мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, жас буынға экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері, тыйым салынған сайттар туралы кеңінен ақпарат берілгендігін жеткізді. Сонымен қатар Рамазан айында мешіттерде беріліп жатқан ауызашарға баратын жасөспірімдерге зерделеу жүргізіліп, олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығы айтылды.
Бұдан кейін Сазтерек және Қызыл жұлдыз ауылдық округінің әкімдері Жұмабек Шайхиев пен Дәуренбек Мадешев есеп берді.
Кеңес отырысын қорытқан Қайрат Әбілханұлы ғаламтор мен әлеуметтік желінің әлеуетін тиімді пайдалану,  өсіп келе жатқан жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша атқарылып жатқан шараларды жүйелі атқарудың маңыздылығын жеткізді.
Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселеге қатысты қаулы қабылданды.

 

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 22.04.2022 11:03
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін209
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада865
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1678
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673300

Серіктестер