Онлайн газет



ЖАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ

Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу - олардың қылмысқа ұрынбауына, келеңсіз жағдайлардан аулақ болуға, қоғамға пайдалы істермен шұғылдануына көмектеседі. Құқық-әділеттік, теңдік, ізгілік және еркіндік қағидаттарына негізделген тәртіп ережелері.
Өз құқығы мен міндетін білмей құқықтық сауатсыздық танытып, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға тап болмау үшін керек. Барлық адамдардың  теңдігі, олардың қадірі мен құқықтарын сақтау фактілер - құқықтық сауаттылықты орнықтырудың ең басты ұстанымы.
Түймекент орта мектебінде  «Оқушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмаудың тиімді жолдары», «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары» атты, Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде «Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз», «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» атты тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Жастар құқықтық тәрбиелеуге арналған шарадан адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын құрметтеу, ой-пікір, ар-ождан және діни сенім еркіндіктерін мойындау, адамның қадір-қасиетін сыйлау секілді құндылықтар жайлы терең мағлұмат алды. Құқықтық тәрбие беру жан-жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы.
Құқықтық тәрбие мақсаты-оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.

Қанат Смағұлов,
Түймекент ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін192
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада848
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1661
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673283

Серіктестер