Онлайн газет



БАСТЫ БАҒЫТ - АЛДЫН АЛУ

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын  іске асыру мақсатында Мырзатай ауылдық округінде 2022 жылға іс- шаралар жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылуда.  Атап айтқанда, ауылдық округ әкімдігінде сенім телефоны  жұмыс жасайды, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызмет» атты стенд  ілінген. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардан түскен  арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қабылдайтын арнайы жәшік қойылған.  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі,  оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер туралы ақпарат тақтайша көрнекі жерге ілінген. 2021 жылдың тамыз айынан бастап Үкімет тарапынан “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы шеңберінде “Е-Өтініш” арнаулы сервисін енгізу арқылы азаматтардың жолданымдарымен жұмысты қайта іске қосу жүзеге асырылды. Ол шағымдарды жылдам беруге, олардың қаралуын онлайн-режімде қадағалауға мүмкіндік береді.
2022 жылы жеке және заңды тұлғалардан 73 өтініш түсіп, қанағаттандырылды. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдауы өткізіліп, фейсбук парақшасына жүктелді.
Президент халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуге, бүкіл қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру қажеттігін айтқан болатын. Осы мақсатта ауылдық округте «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратында түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілуде.
Бұдан бөлек,  әр қызметкердің өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін орындауы қатаң талап етіліп отырады. Сондай-ақ округ аппаратына келіп түскен хаттарға уақтысында  заң аясында жауап жолдануда.

Рустам ӘБІЛДАЕВ,
Мырзатай ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін210
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада866
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1679
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673301

Серіктестер