Онлайн газет



БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың хатшысы Бахтияр Ақбаевтың төрағалығымен жетінші сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXV сессиясы болып өтті. Сессияға аудандық мәслихаттың 17 депутатының 14-і, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, мекеме басшылары, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысты.
Сессияда «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 20-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил баяндама жасады.


Қаралған мәселеде бюджеттің кірісі, трансферттік түсімдер 605478 мың теңгеге, өзіндік кірістер 21607 мың теңгеге ұлғайғаны айтылды. Аталған қаржы ауылдық жерлердегі ауыз су, алқапты сумен, электр, газбен жабдықтау, көп қабатты тұрғын үйдің ИКИ құрылысына, жолдарды орта жөндеуге жұмсалатын болып бөлінген.
Бюджеттің шығыс бөлігінде өзіндік кірісті ұлғайтудан, жыл басындағы бос қалдықтан, өзіндік ішінара үнемдеген қаржыларды пайдалану туралы айтылды.
Сессияда күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттар Асылбек Жантаев пен Гүлнар Дәулетбаева өздерінің ұсыныстарын айтып, ол назарға алынды. Аудандық мәслихат депутаттары қаралған мәселені жан-жақты талқылап, тиісті шешім қабылданды.

Сүндетулла Әбілов.

Обновлено 20.04.2022 10:53
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1550
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7567
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33134
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203864

Серіктестер