Онлайн газет



СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – бұл еңбек қызметі үдерісінде жұмысшының қауіпті және зиянды өндірістік факторларды шектейтін, жұмысшылардың қорғалған жағдайы. Бүгінгі таңда өзекті тақырыпқа айналған мәселенің бірі жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы келісім шарттың дұрыс болмауы салдарынан туындайтын келеңсіздіктер.
Осы орайда «Еңбек қатынастарын заңдастыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбек жарақаттарының алдын алу» тақырыбында № 3 Байзақ колледжінде Жамбыл облысы әкімдігінің  еңбек инспекциясы басқарма басшысы Ернар Есіркепов және басқарма басшысының орынбасары Әділет Ажировпен кездесу өтті. Болашақ жас мамандарға  еңбек қатынастарын реттеудің заңдылықтары мен еңбек қауіпсіздігі тақырыбында дәріс оқыды.
- Қазіргі қоғамда бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру арқылы олардың еңбек құқығының, әлеуметтік тұрғыда қорғалуының және өзектендірілуінің өзекті мәселе екендігі анық. Еңбек қатынастары өте күрделі және көп қырлы ұғым. Жалпы және толықтай, еңбек қатынастары - бұл еңбек қызметін жүзеге асыру проaцесінде жұмысшы мен жұмыс беруші арасында қалыптасатын қатынас. Бұл орайда, әртүрлі қызмет көрсету, тамақтандыру және ауыл шаруашылығы саласында оқудан тыс уақыттарда бейресми түрде еңбектеніп жүргендердің басым көпшілігі осы жастар екендігін ескеріп, осынау маңызды шараны бастауды жөн көрдік, - деді өз сөзінде Ернар Серікәліұлы.
Қоғамда орын алып отырған әртүрлі жағдайлардан мысалдар келтіріп, еркін тақырыпта өткен семинарда студенттер көптеген мағлұматтармен таныстырылды. Кездесу соңында сөз алған колледж директоры Мұхит Нысанбаев жиын барысында айтылған ақпараттар мен еңбек заңнамаларына қатысты мәліметтері үшін өз тарапынан келген қонақтарға алғысын білдіріп, рахметін айтты.
Шара қонақтардың колледж ауласына студенттермен бірге туя ағаштарын отырғызумен қорытындыланды.

Арайлым Қасқырбайқызы.

Обновлено 20.04.2022 10:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін210
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада866
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1679
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673301

Серіктестер