Онлайн газет



ҚОҒАМҒА ЖАТ ҚҰБЫЛЫС

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі сипат алып, ең алдымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңын іске асыру, сондай-ақ «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін» сақтау жөніндегі шараларға негізделген.
Жемқорлық-қоғамға жат құбылыс. Онымен күрес - баршаға ортақ міндет. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 22-бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екендігі көзделген.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2020-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша шаралар қабылдануда.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында пәрменді нәтижелерге қол жеткізудің бірден-бір жолы – ол құқықтық түсіндіру жұмыстарының деңгейі мен сапасын арттыру. Осы мақсатта аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі қызметкерлері арасында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында құқықтық түсіндірме жұмыстарын өткізу, сондай-ақ, басылым беттерінде, әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау сияқты іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылып отырады. Бұған қоса, бизнес өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы  бөлім  қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және оның алдын алу бойынша жұмыстар қатаң бақылауда.

Еркін Нахимов,
аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1481
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7498
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33065
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203795

Серіктестер