Онлайн газет



Байқауда топ жарды

Байзақ жерінде таланттар туылатындығын талай ауызға алғанбыз. «Ат тұяғын тай басып» бүгінде өнерлі аға буындардың ізін жалғай дарынды жастар да өсіп келеді. Бұл жағынан келгенде аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің өнерпаздарының қай-қайсысын алсаң да мақтауға тұрарлық әрі мақтануға боларлықтай таланттар.

Талай додаларда топ жарып жүрген әнші, биші, күйші, термеші ұл-қыздарымыз өңіріміздің атын өзгелерге танытуда. Аудан өнерпаздарын жуырда тағы бір жәйт қуантты. Мәдениет үйінің жас әншісі Динара Диханбаева облыстық «Жамбыл STAR» байқауына қатысып, үздік үштіктің ішінен көрінді.
Жамбылдағы жас таланттарды іздестіру, үлкен сахнаға шығару, өнерлерін өрістетіп, оларға қолдау көрсету мақсатында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен 24-25 маусым күндері өткен байқау шын дарындарды анықтаған болатын.  Оған әр ауданнан жүзге жуық үміткер қатысты. Қазақтың халық әндерін нақышына келтіріп орындау, бір шетел және кино әндерін айту номинациялары бойынша өрбіген жарыстың алғашқы кезеңінен-ақ алға суырылып шыққан өнерлі қызымыз, қалған екі сынақтан да сүрінбей өтеді. Елімізге есімі белгілі өнер жұлдыздары Сәуле Жанпейісова, Гауһар Қаспақова, Арман Дүйсен және Ерлан Көкеев сынды әділқазылар алқасы Динараның талантына тәнті болып, өнерінің өрге жүзуіне шын ниеттестіктерін білдірген. Осылайша алғашқы орындардың бірін қанжығасына байлап келген жас әнші Динара Диханбаева аудан абыройын асқақтатумен қатар, өз өнерін биік деңгейде көрсете білді. «Үздік» деп танылған өзге де таланттармен бірге енді ол өнердің ордасы Алматы қаласына барып, үлкен сахнада жүрген әнші аға-әкпелерімен қосылып ән айту мүмкіншілігіне ие болды.

А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

 

Обновлено 13.08.2012 11:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін343
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3702
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9888
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476417

Серіктестер