Онлайн газет



Мал табу қиын емес, көзін тапсаң

А.Жазылбеков,
Кеңес орта мектебі директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында ел жастарын  еңбек нарығында сұранымға ие кәсіптерді игеруге бағдарлаған еді. Бүгінгі таңда  республика бойынша заңгер мен экономист мамандары көп болса, керсінше осы мамандық иелерінің көбісі

жұмыссыз. Бірі базар жағалап, енді бірі құрылыстан нәпақасын тауып отыр.
Елбасының өткен жылғы Жолдауында қазақ мемлекеті атану үшін еліміздің жастары қатардағы жай қазақ емес, қабырғалы озат қазақ болуы керектігі баса айтылған. Мұндай оймен жастар да келіседі.
Халқымыздың зиялы тұлғасы А.Байтұрсынов «Бай болу үшін – кәсіп керек» деген екен. Солай демекші бай болу үшін заманға сай кәсіп түрін меңгеру маңызды. Ал,  сұранысқа сай келетін кез-келген кадр мемлекетке пайда әкелері анық.  Қазақстандықтар үшін әсіресе, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы қызық әрі өнеге. Қарапайым қазақ баласы - қатардағы металлургтен бастап, бүкіл елдің ағасына айналды. Сол себепті де жас түлектер мамандық таңдаудың алдында ақылға жүгінуі керек сияқты.Ең маңыздысы, өзің қалап оқыған мамандығыңмен елге де пайдаң тисе игі.
Жалпы алғанда, бүгінде Қазақстанға техникалық  мамандар аса қажет екен. Және бір айта кетерлігі, Жамбыл өңірін мекендейтін жастар әсіресе химия өнеркәсібі, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп және құрылыс материалдарын өндіру мамандықтарын игерсе нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар, елімізде инженер, биотехнолог, гаоэлектрдәнекерлеуші, металургия және машина жасау, электрші, ветеринар сынды мамандықтарға сұраныс көп.
Мал табу қиын емес – көзін тапса,
Жан бағу қиын емес – жөнін тапса,
Үй болу қиын емес – теңін тапса,
Той бастау қиын емес- сөзін тапса, - деген екен кезінде Шілменбет би.
Шындығында да болашақ егелері  бұл мәселеге жүрдім-бардым қарамағаны ләзім. Ең бастысы әрбір тұлға өз кәсібін жан қалауымен таңдағаны абзал. Өмірде сүйіп істеген істің жемісі қашанда  тәтті болады. Балалардың дұрыс жол таңдауына ата-аналар бағыт-бағдар беріп отырса олардың болашағы нұрлы болары анық.

 

Обновлено 24.01.2014 16:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1512
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7529
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33096
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203826

Серіктестер