Онлайн газет



«Нұр Отан» партиясы-азаматтық қоғамның көшбасшысы

Н. Тлепов,
«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Ел өміріндегі елеулі саяси оқиға болып саналатын «Нұр Отан» партиясының XV  кезектен тыс съезі  тәуелсіз еліміздің жаңа саяси бағытын айқындап берді. Осынау, тарихи мәні бар жиында айтылған ұтымды ой-пікірлер, ұсыныстар, шешімдер мен тұжырымдар жас тәуелсіз еліміздің дамуына серпін беріп, қозғау салатыны анық.  Съезде Елбасы Отанды

өрге бастыру жолында  «Нұр Отан» партиясы қандай міндеттерді шешу керек екендігіне жан- жақты  тоқталды.
Сол міндеттердің бірі - елімізде жауапты азаматтық қоғам құру болып табылады. «Нұр Отан» партиясы қашанда азаматтық қоғамның көшбасшысы болуы қажет». Сонымен бірге партия Азаматтық Альянспен бірлескен жұмысты дамыту, адамдардың нақты проблемаларын шешуші, оларға көмектесуші және арқа сүйеуші, барлық патриоттық үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мүдделерінің жол басшысы болуы тиіс»- деді  партия төрағасы.
«Нұр Отан» партиясының съезінде қабылданған басты құжат саналатын «Нұр Отан» - нұрлы болшақ жолында» атты саяси Доктринасында  жеті басымдықтың біріншісі «Бірлік пен келісімді» белгілеген. Бұл орайда қазақтың «Бірлік бар жерде, тірлік бар»  деген сөзімен бірлік бар жерде ұлт бар, ұлт бар жерде  мемлекет бар, мемлекет бар жерде болашақ бар деген түйіндемелер партия доктринасына қағидат болып енгізілгені баршаға аян. Жақында ғана өткен Қазақстан Республикасының президенттік және  Қазақстан Республикасының Парламенті мен  жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауларында Қазақстан Республикасының азаматтық Альянстың «Нұр Отан» партиясы төңірегінде топтасуы біздің Байзақ ауданамызда да заңды жалғасын тауып, бірқатар қоғамдық ұйым жетекшілері мен мүшелері партия аудандық сайлауалды қоғамдық штабының белсенді мүшелері болғандығын атап өткенді жөн көріп отырмын. Оның ішінде аудандық ардагерлер  кеңесінің төрағасы Шәметов Рәш, іскер әйелдер қоғамдық ұйымының аудандық филиал жетекшісі Кадимова Тазагүл Кәдімқызы, орыс ұлттық орталығының жетекшісі Горр Любовь Андреевна, түрік ұлттық орталығының жетекшісі Раджамов Мехия Мусаевич, ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық ұйым жетекшісі Сыздықов Сәкен Шәмшіұлының белсенділіктері сайлаушылар арасында қолдауға ие болғанына куә болдық. 
Ауданымыздағы әр қоғамдық ұйымның жетекшісі мен мүшесіне қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулықтың  бағасы мен қадірін жете түсіну арқылы Қазақстан мемлекетінің дамуына және «Жаңа Қазақстандық патриотизмді» қалыптастыруға өз үлесін қосу керек екендігін түсіндіру алдағы уақытта партия аудандық филиалының Саяси кеңесінің басты жұмыстарының бірі болып қала бермек.
Партияның аудандық филиалының  іс-шаралар жоспарында үкіметтік емес ұйымдардың ауданның әлеуметтік мәселелеріне қатысты жобаларды іске асыру, мемлекеттік сатып алу тендерлеріне қатыстыру, үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен іс - қимылын жандандыру мақсатында «дөңгелек үстел», семинарлар, кездесулер ұйымдастыру мәселелері қамтылған. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың аудан көлемінде тіркелуіне көмектесу жолдарын қарастыру тұрақты назарға алынған.
Аудандық қызметкерлердің салалық кәсіподақ комитеттерінің және жұмыс берушілердің, аудандық шаруа қожалықтары ассоциациясы арасындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мәселелері жөніндегі 2012-2014 жылдарға үш жақты келісім шарт жасалып, тиісті шаралар жүзеге асырылуда.
Партия аудандық филиалы аудан  бойынша қызмет атқаратын үкіметтік емес ұйымдармен үнемі тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. Жасалған іс-шаралар негізінде аудандық филиал және үкіметтік емес ұйымдар бірлесе отырып, әлеуметтік маңызды аймақтық мәселелер мен оларды шешу жөнінде өткен  жылы 4 дөңгелек үстел, 3 кездесу,  2 семинар өткізді.
Сонымен қатар, өткен 2013  жылда аудандағы шағын және орта бизнес пен шаруа қожалықтары өкілдерінің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында  аудандық орталықтандырылған кітапханада «Ақбұлақ» (төрайымы Н.Рахышева) қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен «Менің қаржылық сауаттылығым» атты тақырыпта семинар кеңес өткізілді. Сондай-ақ, партия аудандық филиалының ұйымдастыруымен және  «Ақбұлақ»  қоғамдық ұйымының қатысуымен «Халықтық IPO» бағдарламасын  түсіндіру мақсатында аудандық филиал ғимаратында 2 семинар-кеңес өткізілді.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде этномәдени бірлестіктер жанындағы этнографиялық ұжымдардың фестивалі өткізілді.
2013 жылы ауданның діни бірлестік өкілдерімен 3 семинар-кеңес,  4 дөңгелек үстел, 3 диспут, 6 кездесу өткізілді.
Ауданда діни экстремизмнің алдын алу мақсатында мектептерде арнайы тәрбие сабақтары мен дөңгелек үстелдер өткізілуде. Аудан тұрғындары арасында семинар-кеңестер, пікір алмасулар, кездесулер өткізіліп, жергілікті БАҚ-да мақалалар жарияланды.
Аудан жастары арасында Қазақстандық патриотизмді және Отансүйгіштік мінезді қалыптастыру мақсатында – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 20 жыл толуына орай автокеруен ұйымдастырылып, «Менің Туым», «Менің Елтаңбам», «Менің Әнұраным» атты аудан жастарының патриоттық акциясы өткізілді.
Сөзімді қорытындылай келе  айтарым,  дамыған елдердің тәжирибесіне сүйене отырып азаматтық қоғамның дамуына заңнамалық қолдау көрсету керек екендігі бүгінгі және ертеңгі күннің күн тәртібіндегі басты мәселе болуы керек деп ойлаймын.
Азаматтық қоғамның дамуының басты бағытының бірі қоғамды ыдыраудан сақтайтын және ондай көріністердің алдын алатын, қоғамның дамуын жаңа деңгейге көтеретін азаматтық бақылау орнату болып табылады. Бұл орайда, 11 жылдан бері талқыланып келе жатқан азаматтық қоғам туралы заң жобасының қабылдануы елімізде жауыпты қоғам құрудағы маңызды қадам деп санаймын.
Сөзімнің соңын  Елбасы, партия  Төрағасы съезде зиялы қауымға  бағыттап айтқан  сөзімен аяқтамақпын.  «Біз қоғамымыздың ерекшеліктерін артықшылыққа айналдыра білдік. Әралуандығымыз, байлығымызға, бірлігіміз-табысымызға айналды. Осыны ұлт зиялылары үнемі есте ұстап жастарға ынтымақтың үлгісін көрсеткені жөн”,- дегені зиялы қауымды азаматтық жауапкершілікке шақырғаны. Себебі жауапты азаматтық қоғам –табысты да бәсекеге қабілетті қоғамды  құрады.

 

Обновлено 16.01.2014 10:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1385
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5526
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31093
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201823

Серіктестер