Онлайн газет



Жаңа жыл - жарқын мереке

А.Әлмақашұлы.
Ынтымақ ауылы.

Жаңа жыл мерекесін ынтымақтықтар айрықша қарсы алды. Сахна саңлақтары С.Өсербаев  пен  ақын Н. Оңғаров жүргізген мерекеде ауыл әкімі Мейірбек Ноғаев сөз алып ауыл тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтап, өткен  жылдың жетістіктеріне қысқаша шолу жасады. Бұдан соң  еңбек ардагерлері Аманалы  Базарбеков пен Теміралы Әшімовқа

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және кәсіподақ ұйымы атынан келген «ІІ-ші дәрежелі Еңбек даңқы» төсбелгісі табыс етіліп, әкімшілік және «Ынтымақ-2004» шаруа қожалығы атынан шапан жабылды. Мерекелік шараға демеушілік жасаған жеке кәсіпкерлер Т.Билибаевқа, Ш.Мырзабаеваға, сондай-ақ мектеп, әкімшілік, емдеу мекемелері ұйымдарына көпшілік атынан алғыс айтылды. Аяз ата мен Қарша қыздың топты аралап жүріп, бата тілегін айтып шашу үлестіруі, ауыл қариясының қанатты сөздерімен үйіп төгіп берген батасы мереке ажарын ашты. Ән сайысында зейнеткер Б.Шажалиев, С.Рахметов, Ж.Мамбетов көзге түссе, талшыбықтай бұралған балғын бишілер «Әсем-ай» тобы жиналған жұртты өз өнерлеріне тәнті етті. Шығыс биін билеуде Аймен Төлепбергенова ерекше дарындылық көрсетті. Жаңа жылдық «Жұмбақ адам» бейнесінде сахнаға шыққан топтың, сондай-ақ,  жылқы жылы-жылқы бейнесінде шыққан жас жігіт Дулат Арғымбайұлының өнеріне көпшілік риза болды. «Жұмбақ кейіпкер» бейнесін жасаған  балабақша тобы көлемді кілеммен марапатталса, бірнеше бағалы сыйлыққа мектеп, емхана ұжымдарымен қатар жекелеген  азаматтар ие болды.

 

 

Обновлено 09.01.2014 15:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1598
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5739
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31306
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202036

Серіктестер