Онлайн газет



МАҢЫЗДЫСЫ - ЕЛ БІРЛІГІ

Жаңа 2022 жылдың алғашқы күндері елімізде күтпеген оқиға болды. Еліміздің Батыс өңірінде басталған халықтың бейбіт шеруі жаппай сипат алып, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Мемлекет басшысының батыл шешімінің арқасында жаппай тәртіпсіздік пен деструктивті әрекеттер ауыздықталды, елімізде тұрақтылық қалпына келтірілді.
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай,  ел мешіттерінде ел тыныштығын қорғаған, Отан қорғау жолында қаза тапқан сарбаздар мен бейбіт тұрғындардың рухына  құран бағышталды.
Бірлікте - байлық, тыныштықта береке бар. Алла Тағала адамзат баласын: «Бөлінбеңдер», деп бауырмал болуға бұйырған. Қасиетті Құранда: «…Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты» («Мәида» сүресі, 2-аят) деген. Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.) басшыға бағынып, бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мән бар. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деп халқымыз тегін айтпаған.
Ең маңызды нәрсе-халықтың тыныштығы, елдің бірлігі.Сондықтан әрбіріміз  сабырлы болып, ел тәуелсіздігін, мемлекет тұтастығын сақтауға, Ел Президентінің қабылдаған шараларына қолдау білдіруіміз керек.

Рамиз Азизов,
“Байзақ баба”мешітінің бас имамы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін73
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6090
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31657
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202387

Серіктестер