Онлайн газет



ӨТКЕННІҢ СЫНАҒЫ–ЕРТЕҢГЕ САБАҚ

Ел басына түскен сынаққа қарсы дер кезінде шара қабылдап, нақты шешімдер шығарған Президенттің  іс-әрекетіне дән ризамыз.
Мәжіліс отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев елде орын алған жағдайға баға бере отырып, алдағы атқарылуы тиіс жұмыстарды нақтылады. Ол сөзден нақты іске көшетін уақыттың келгендігін баса айтты. Ендігі жерде  жұдырықтай жұмылып, ел болашағы үшін жауапкершіліктің жүгін арқалаған Президенттің маңына топтасуымыз маңызды деп білеміз.
Бізде бір-ақ Отан бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан! Біз елдің бірлігін сақтап, тұрақтылықты қастерлей білуіміз керек. Ол үшін әрбір ел азаматы мемлекеттің одан әрі гүлденуі жолында аянбай еңбек етуі керек деп есептейміз. Ал мемлекет халықтың тұрмыс сапасын оңалту үшін пәрменді шаралар қабылдап жатқанын білеміз.
Сондықтан Мемлекет басшысының тарапынан жасалынып жатқан шаралардың іске асуына үлесімізді қосып, ел мен жердің амандығы, тәуелсіздігімізден қымбат ештеңе жоқ екендігін ұмытпайық.

Әзімбек Ойықбаев,
Дихан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін633
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6650
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32217
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202947

Серіктестер