Онлайн газет



КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов Сарыкемер ауылындағы көпбалалы аналарды құттықтап, балаларға сыйлықтар табыстады.
Алдымен Бақыт Алпысбайұлы Сарыкемер ауылы, А.Суханбаев көшесі №1 үйдің тұрғыны, көпбалалы ана Ұлбосын Какимованың, содан соң Д.Қонаев көшесінің тұрғыны, көпбалалы ана Жанна Умикулованың отбасында болды.
- Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ең бастысы – денсаулық, тәрбие және оқу. Біз барлық жағдайды жасауға тырысамыз, ал, сендер жақсы оқып, айналаны танып, биіктерден көрініп, еліміздің лайықты азаматы атануға тырысыңдар! Барлық арман-тілектерің орындалып, өмірде тек сәттілік серік болсын – деді аудан басшысы.
Өз кезегінде мерекеге орай, өздерін елеп-ескеріп келген аудан басшылығына, демеушілік көрсеткен кәсіпкерлерге аналар ризашылықтарын білдірді.
Аудан басшысымен бірге аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбеков, Сарыкемер ауылдық округі әкімінің орынбасары Олжас Әділханұлы болды.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 11.01.2022 10:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін624
mod_vvisit_counterКеше732
mod_vvisit_counterОсы аптада1845
mod_vvisit_counterӨткен аптада2859
mod_vvisit_counterОсы айда6267
mod_vvisit_counterӨткен айда19846
mod_vvisit_counterБәрі1555437

Серіктестер