Онлайн газет



ОТАНДЫҚ НАРЫҚТА ОЛЖАҒА КЕНЕЛУДЕ

Байзақ ауданында шағын және орта кәсіпкерлік жақсы дамыған. Жыл санап өнім өндірісі артып келеді. Сонымен бірге жеміс-жидек пен көкөніс қоймалары да көптеп салынуда. Қазіргі таңда, Бурыл ауылында сыйымдылығы 5 мың тоннаны құрайтын «ГрандФудсПремиум» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қоймасы көкөніске толып тұр.
Кооператив төрағасы Жалил Аббосовтың айтуынша, жобалық құны 500 миллион теңгені құрайтын жеміс-жидек пен көкөніс консервілеу цехын және сыйымдылығы 5 мың тоннаны құрайтын көкөніс қоймасы салынуда екен. Биыл жобаның алғашқы кезеңі – қойманың құрылысын аяқтап, қыркүйек айында пайдалануға беріп, ішіне тоңазытқыш орнатып, пиязға толтырылыпты.
- Бұл жобаны жүзеге асыру үш жылға жоспарланған. Биыл қойманы қыркүйек айында салып бітіріп, пайдалануға бердік. Қазір мұнда 4 шаруа қожалығының өнімі сақтаулы тұр. Олар өнімін қоймаға қойғаны үшін оның әрбір килограмына 40 тиыннан төлейді. Көкөніс осында сұрыпталып, еліміздің солтүстік өңірлеріне, Ресей мемлекетіне жөнелтілуде. Шаруалар қоймадағы өнімнің 40 пайызын экспортқа шығаруда. Қоймадағы өнім көктемге дейін сақталады, ғимарат іші соңғы үлгідегі арнайы тоңазытқыштармен қамтылған, - дейді кооператив төрағасы.
Кәсіпкерге қойманы салу үшін қомақты несие қажет болыпты. Ол «Даму» қорына қайырылу арқылы 137 миллион теңге алып, жоспарын жүзеге асырған. Яғни, Жалил жобасын «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында іске асыруда.
Жалил Аббосов консервілеу цехын 2023 жылы аяқтауды жоспарлауда. Оған қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс та беріп қойыпты. Бүгінгі таңда кәсіпкер қоймада сұрыпталған өнімнің 60 пайызын отандық нарыққа өткеруде.
- Жеміс-жидек пен көкөніс өнімін консервілеу цехын іске қосқанда жұмысшы санын екі есеге арттыратын боламыз. Қазіргі таңда кооператив 53 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мақсатымыз-бастаған ісімізді соңына дейін жеткізіп, тек қоймада көкөніс пен жеміс-жидек сақтап қана қоймай оны өңдейтін өндіріс ошағын ашу, халықты жұмыспен қамту,- дейді кәсіпкер.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін625
mod_vvisit_counterКеше732
mod_vvisit_counterОсы аптада1846
mod_vvisit_counterӨткен аптада2859
mod_vvisit_counterОсы айда6268
mod_vvisit_counterӨткен айда19846
mod_vvisit_counterБәрі1555438

Серіктестер