Онлайн газет



БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА

Былтырғы жылы аудандағы әлеуметтік саланы әлеуеттендіру бағытында «Байзақ» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы ашылғаны белгілі. Аталмыш орталықта ұйымдастырылған Жаңа жыл кешіне аудан әкімі Бақыт Қазанбасов арнайы барып, құттықтап қайтты.
«Жаңа жыл құтты болсын!» тақырыбына арналған кеште аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы балалармен бірге Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды. Әсем де айшықты безендірілген бөлме ішінде балалар мерекелік көңіл күймен мәре – сәре болуда. Мерекеге жиналған балалар мен ата-аналар қызықты сәттердің куәсі болды. Мерекелік шара шымылдығы Аяз ата мен Ақшақардың келуі және сиқырлы таяқпен шырша шамының жағылуымен ашылды.
- Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салаға бағытталған көптеген қолдаулар жүзеге асырылуда.  Сондықтан, балаларға деген қамқорлық басты назарымызда болады. Мына, келе жатқан Барыс жылында ата-аналарға, орталық қызметкерлері мен балаларға зор денсаулық тілеймін, - деді аудан әкімі.
Кеш барысында Алихан Артықбай «Келді міне, Жаңа жыл», Жамила Асан «Әке, Ана» әндерін әуелете шырқаса, Жандос Мурзан, Нүркенұлы Али, Нұраддин Нұрдәулет  сынды өнерлі өрендер тақпақтарды нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, балалардың қатысуымен «Кім жылдам?» ойыны ойнатылды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мерекелік шараның нағыз белсенді қатысушылары болып табылды. Өйткені, аталмыш шара балалардың айналадағы ортаға бейімделуіне, өзін азамат ретінде сезіне отырып, адамдармен тең дәрежеде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызды.
- Бүгін, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығында балаларға арнап мерекелік кеш өткізудеміз. Осы кешке аудан әкімі арнайы қатысып, сыйлықтар табыстады. Қазіргі күнде аталған орталықта аудандағы қозғау тірегі бұзылған, ақыл - есі кемістігі бар 4 жастан 16 жасқа дейінгі 27 бала бар. Барша аудан жұртшылығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, - дейді бізге берген сұхбатында орталық меңгерушісі Дамира Жолшанқызы.
Мерейлі мерекеге орай, бүлдіршіндерге аудан басшысы Бақыт Қазанбасов, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова Жаңа жылдық тәттілер салынған қораптарды сыйға тартып, естелікке суретке түсті. Шара соңы орталық тәрбиешілері мен балалардың би кешіне жалғасты.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 31.12.2021 11:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін605
mod_vvisit_counterКеше732
mod_vvisit_counterОсы аптада1826
mod_vvisit_counterӨткен аптада2859
mod_vvisit_counterОсы айда6248
mod_vvisit_counterӨткен айда19846
mod_vvisit_counterБәрі1555418

Серіктестер