Онлайн газет



АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

Аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен өткен кезектен тыс ХХІ сессиясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 6-бабына сәйкес, аудан әкімінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №8-1980 ұсынысы негізінде шақырылды.
Кезектен тыс сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң, «2022-2024 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков, «Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Мырзатай ауылдық округі, Дихан ауылының атын өзгерту туралы» аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов баяндама жасады.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында кезектен тыс сессияның күн тәртібіне шығарылған мәселелер алдын ала талқылаудан өткендіктен, отырыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныс, ескертпелер айтылмады.
Сессия соңында күн тәртібіне шығарылған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, кезекті сессия қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды. Нәтижесінде аудандық мәслихаттың шешімі мен аудан әкімдігі қаулысы арқылы Байзақ ауданының Мырзатай ауылдық округіне қарасты Дихан ауылының атауын «Жақсылық Үшкемпіров» деп өзгерту туралы Жамбыл облысы мәслихаты мен Жамбыл облысы әкімдігіне ұсыныс енгізілді.
Кезектен тыс сессияға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, тиісті бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен олардың уақытша міндетін атқарушылар қатысты. Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы аудан көлемінде жыл бойына жүргізілген ауқымды жұмыстар мен көрсеткіш нәтижелеріне тоқталып, мерекелік лебізімен қорытындылады.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

Обновлено 31.12.2021 11:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін511
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6528
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32095
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202825

Серіктестер