Онлайн газет



БАЛА ҚУАНЫШЫ – БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөліміне қарасты психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде ұйымдастырылған Жаңа жыл кешіне аудан әкімі Бақыт Қазанбасов қатысып, балаларды мерекелерімен құттықтады.
Мерекеге жиналған балалар мен ата-аналар сайқымазақтың өнеріне тәнті болып, Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды. Кеш барысында балалар әндер айтып, тақпақтарын оқыды.
- Жаңа жыл     мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке алдында облыстық мәслихаттың депутаты Берік Тілебаев анасымен бірге балаларды құттықтауға арнайы келіп, демеушілік көрсеткеніне рахмет айтамын.
Барыс жылында ата-аналарға, мекеме ұжымы мен барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін, - деді аудан басшысы.
Бүлдіршіндерге аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, облыстық мәслихаттың депутаты Берік Тілебаев, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, облыстық білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев тәттілер салынған сыйлықтарды табыстап, естелікке суретке түсті.
Өз кезегінде мерекеге куә болған ата-аналар да ризашылықтарын айтып, ұсыныстарын жеткізді.
АЙТА КЕТЕЙІК, Сарыкемер ауылында орналасқан психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 1981 жылы салынған. 2006 жылы 46 бала қамтылған орталық бүгінде дамуы шектеулі 350 балаға көмек көрсетуде.
Түзету кабинетінде 34 маман, атап айтқанда, 10 дефектолог, 5 психолог, 11 логопед, 1 сурдопедагог, 2 олигофренопедагог, 2 емдік дене шынықтыру, әлеуметтік педагог, 1 музыка маманы, 2 мұғалім тәрбиеші кемістігі бар балалармен жоспар бойынша жұмыс атқарады.
Оқыту барысында баланы терең психологиялық-педагогикалық зерттеудегі диагностикалық  жұмыс, жеке психологиялық  ерекшеліктерді  қалыптастыру  мақсатында,  тұлғаға  белсенді ықпал ету  негізіндегі  коррекциялық жұмыс, бала мен оның ата-аналарына психологиялық білім қажеттілігін  қалыптастыру  бойынша консультативтік-ағарту жұмыстарын жүргізу  аталған мекеменің басты бағыттары саналады.

Мұхтар Шалғынбай.

Обновлено 31.12.2021 11:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1444
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7461
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33028
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203758

Серіктестер