Онлайн газет



УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

Еңселі қақпаның ашылуынан соң оған қатысушылар Түймекент ауылының орталығында жаңадан салынған учаскелік полиция пунктінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Тұрғын үймен біріктірілген полицияның тірек пунктінде тәулік бойы қызмет атқару және азаматтарды қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Ресми ашылу салтанатында аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев ашылғалы тұрған учаскелік пункт ел байлығы тәуелсіздігімізді тұғырлы ету үшін ұлт мүддесі мен ел тыныштығын сақтау жолында күндіз - түні аянбай еңбек етіп келе жатқан тәртіп сақшыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың бірегейі екендігін жеткізді.
- Биыл еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтті. Осы жылдар ішінде мемлекеттің қолдауының арқасында елдің құқық қорғау жүйесі түбегейлі қайта жаңғырды. Біздің ортақ міндетіміз – құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды жүзеге асыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Ауданда осымен төртінші учаскелік полиция пункті ашылуда. Енді учаскелік инспекторлар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтың тұрғындарымен бірге бір ауылда тұрады, бұл құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және жедел ашуға оң әсер ететін болады, - деп атап өтті Бақтияр Мұратұлы.
Зейнеткер - ұстаз, ауыл ақсақалы Бозай Оразалы жаңадан қолданысқа беріліп отырған полицейлік учаскенің тұрғындардың алаңсыз өмір сүруі үшін жасалған игі іс екенін айта келе, ақ батасын беріп, полиция қызметкерлерінің еңбегіне табыс тіледі.
Сондай-ақ, шара барысында бірқатар азаматтар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ауылдық округтің әлеуметтік – экономикалық дамуы мен өсіп – өркендеуіне, денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбектеріне орай, Алғыс хаттармен мадақталды. Аталмыш марапаттарды тапсыру рәсімін ауылдық округ әкімі Қанат Смағұлов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жомарт Мұхаметжанов атқарды.
Жаңа нысанның лентасы қиылып, шашу шашылып, қонақтар полиция пункті мен тұрғын үйді аралады. Ауданымыздың төртінші ауылында салынып отырған тұрғын үймен біріктірілген полицияның тірек пункті алдағы уақытта тұрғындардың бейбіт өмір сүруінің берік іргетасына айналары сөзсіз.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 31.12.2021 11:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін601
mod_vvisit_counterКеше732
mod_vvisit_counterОсы аптада1822
mod_vvisit_counterӨткен аптада2859
mod_vvisit_counterОсы айда6244
mod_vvisit_counterӨткен айда19846
mod_vvisit_counterБәрі1555414

Серіктестер