Онлайн газет



САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Аудан көлемінде, оның ішінде, ауылдық eлді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша соңғы жылдары бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның нақты нәтижесін Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Базарбай елді мекенінен көруге болады.
Мұнда «Радикон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрт ай мерзім аралығында су қабылдау ғимараттары мен су құбыры желілерінің құрылысын аяқтап, жергілікті халықтың игілігіне ұсынды.
Шараның салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил жергілікті жұртты құттықтап, билік өкілдерінің тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға ерекше көңіл бөліп отырғандығын және ел игілігі үшін мұндай шаралардың әлі де жалғаса беретіндігін жеткізді.
- Халықты таза сапалы ауыз сумен қамту – басты міндеттердің бірі. «Су – тіршілік көзі, денсаулық кепілі». Біраз жылдан бері таза ауыз су жергілікті халықтың көтеріп жүрген өзекті мәселесінің бірі болатын. Ауданымыздағы 43 елді мекеннің 57 пайызы таза ауыз сумен қамтылса, жыл басынан бері 7 елді мекенде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдымен, Байзақ, Сарыкемер, Қызыл жұлдыз ауылдарында таза ауыз су жүйесі іске қосылса, бүгін Базарбай ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізіп отыр, - дей келе Қайрат Әбілханұлы құбырды тартып, тұрғындарды қуанышқа кенелткен мердігер басшылығы мен құрылысшыларына алғысын айтты.

Талант Сәрсенбаев, Бәйтерек ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Бүгін, Базарбай ауылында көптен күткен қуаныш болып жатыр. Таза ауыз су адам денсаулығына көп әсерін беретіні анық. Құрылыс жұмыстарын үздіксіз жүргізген мердігер мен оны қолдаған аудан басшылығына жергілікті тұрғындар атынан зор алғысымызды айтамыз. Осы нысан тоқтамай жұмыс істеп, ел оның игілігін көрсін. Жаңа нысан құтты болсын!

Жанболат Жанбаев, мердігер:
- «Радикон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан Сіздерді құттықтағым келеді. Мемлекет басшысының саясатының арқасында қабылданған бағдарлама арқылы бой көтерген ауыз су нысаны ұзақ жылдар бойы Сіздерге қызмет етеді деген сенімдемін. Қуаныштарыңыз құтты болсын!

Бұдан соң дәстүрге сай, ауыз су ғимаратының лентасы қиылып, су қондырғысы іске қосылды. Салтанатты шара қатысушылары ғимарат ішін аралап, таза ауыз судан дәм татты.
Жалпы, Бәйтерек ауылдық округінің Базарбай елді мекенінде 180 ауладағы 1 130 тұрғын таза ауыз сумен қамтылатын болады. Аудан әкімдігі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысы негізінде жүргізілген құрылысқа 396 миллион 850,7 мың теңге қаражат жұмсалған. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын «Радикон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарса, «Құрылыс және техникалық зерттеу дирекциясы» ЖШС-і техникалық тұрғыдан қадағалап, «ПУС – Шымкент» ЖШС-і жобалаған.
Әрине, су – бар берекенің бастауы. Табиғи таза ауыз судың адам денсаулығына пайдасын айтпасақ та белгілі. Бұл тұрғындар үшін жағымды жаңалық болғаны анық.

Нұрбек Сүгірбеков.

Обновлено 31.12.2021 11:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін202
mod_vvisit_counterКеше366
mod_vvisit_counterОсы аптада858
mod_vvisit_counterӨткен аптада2114
mod_vvisit_counterОсы айда1671
mod_vvisit_counterӨткен айда13201
mod_vvisit_counterБәрі1673293

Серіктестер