Онлайн газет



ҚОС СЕНАТОР – АУДАНЫМЫЗДА

Өткен аптаның бейсенбісі күні облысымызға арнайы келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ертарғын Астаев пен Александр Савченко облыстық қан орталығы ғимаратында болып, осында орналасқан облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының жұмысымен, кейін қан орталығындағы донорлардың қан тапсыру барысымен танысып, дәрігер мамандармен пікір алысты.

Содан кейін ауданымызға ат басын бұрған сенаторлар алдымен еліміздің «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында салынып, жуырда ғана тұсаукесерін өткізген, жылына 15 миллион дана кірпіш шығаратын жаңа «База-Сервис» кәсіпорнына барған болатын.  Бұдан шыққан соң Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ертарғын Астаев пен Александр Савченко бастаған ресми кісілер көкөніс өсірумен айналысатын жеке кәсіпкер Өсер Манатовтың иелігіндегі «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингімен қаржыландырылған «Манат» жылыжай комплексінде болды. Ресми кісілерді қарсы алған шымкенттік «Жеміс LТD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің прорабы Камал Казимов голланд технологиясымен тұрғызылып жатқан жылыжай құрылысының барысымен таныстырды. Төбесі шынымен көмкерілген, ішінде ауа температурасының қалыпты болуын қадағалайтын компьютерлік басқару құралдары бар облыс аумағындағы теңдесі жоқ технологиямен жарақтандырылған, жобалық-сметалық құны 120 миллион теңгені құрайтын жылыжайдың жұмысымен танысқан  сенаторлар аудан аумағындағы оң істерге ризашылықтарын білдірді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Е.Астаев пен А.Савченконың аудандағы іс-сапары барысында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының бастығы Р.Тұрмаханбетова мен аудан әкімі М.Шүкеев бірге жүрді.

Мұхтар Манекеев

Обновлено 08.08.2012 18:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін99
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6116
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31683
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202413

Серіктестер