Онлайн газет



Жаңа жыл мерекесі балабақшада

Жаңа 2014 жылды қарсы алуға аудандағы барлық балабақшалар тыңғылықты дайындалып, ертеңгіліктер ұйымдастырылып жатқаны белгілі.
Жетібай ауылындағы «Ерасыл» балабақшасының ұжымы жарқын мерекені мейлінше қызықты етіп өткізуге атсалысты. Ертеңгіліктер балабақшадағы «Балапан», «Құлыншақ», «Еркетай», «Айгөлек» топтарында да жоғары дайындықпен ұйымдастырылды. Ертегі кейіпкерлері балғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірге қол ұстасып ойындар ойнады.
Жарқыраған шамдармен безендірілген әсем шыршаны айнала өлең айтып, би билеп, көзге түскен кішкентай бүлдіршіндер Аяз ата қолынан сыйлықтар алды. Әсіресе ең кіші сәбилер тобының ұл-қыздары «Балапан» биін билегенде, үлкен-кіші ерекше риза болып, қол соқты. Ата-аналар ізгі тілектерін білдіріп, бала тәрбиесі жолында барын салып жүрген балабақша меңгерушісі Қ.Охашеваға, тәрбиешілер А.Майлыбаева мен Р.Карибаеваға, жалпы ұжымға алғыстарын   айтып,     жұмыстарына табыстар тіледі.

Өз тілшіміз.

Обновлено 06.01.2014 17:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1127
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5268
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30835
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201565

Серіктестер