Онлайн газет



БАСПАСӨЗ - ҰЛТТЫҢ ҮНІ, РУХТЫҢ ЖЫРЫ

Әдеттегідей тағы да баспасөзге жазылу науқаны басталып кетті. Басшылықтың басты мақсаты – облыстық ата басылым «Aq jol» газетінің ақиқатшыл жолын жалғастыру.
Осы мақсатпен «AULIЕATA-MEDIA» ЖШС-і бас директоры Нұрбек Бекен мен газеттің бас редакторы Оралхан Дәуіт Байзақ ауданында болып, газет оқырманымен жылы жүздесу өткізген еді.

Байзақ ауданында оқырманмен өткен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов ашып, облыстық ата басылым «Aq jol» газетінің аймақты рөліне тоқтала келіп, сөзді «AULIЕATA-MEDIA» ЖШС-і бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаевқа

берді.
- Біздің оқырмандарымыздың көпшілігі – ауылда тұрады. Сондықтан, біз үшін тұрақты оқырмандарымызбен кездескен әрбір сәт қымбат. Алдағы жылы да әріптестік байланысымыз өз жалғасын тауып, жазылым биыл да жақсы орындалады деген сеніміміз бар. Ата басылым «Aq jol» газетінің алдағы 100 жылдығына Сіздер тарапынан қолдау, оның жазылымына үлес қосуларыңыз болмақ, - деді.
Ал, басылымның бас редакторы Оралхан Дәуіт газетке жазылған білім, денсаулық және мемлекеттік қызметкерлерге мақалаларын шығару үшін бірқатар жеңілдіктің қаралып отырғанын айтып, жазылымға үлес қосуға шақырды.
Сұрақ-жауап бөлімінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Серік Балабеков бүгінгі жастардың кейбір киім үлгілеріне көңілінің толмайтынын, өз денсаулығына баса мән бере бермейтінін айтып, жастар мәселесін басылым бетінде көтеруді сұрады. Ал, аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры Өсер Нұрбаев: «Газет бетінде өзекті мәселелер көтеріліп, оның оң шешім тауып жатқанын көріп жүрміз. Сондықтан да біз «Aq jol»-ды оқимыз. Оған жазылып, оған қолдау білдіреміз, - деп өзінің азаматтығын танытты.
Жиын барысында түскен сұрақтарға басылымның бас редакторы Оралхан Дәуіт жауап беріп, оқырманын жазылу науқанына үлес қосуға шақырды.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы қорытындылады.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ,
«Aq jol», 9 қазан 2021 жыл.

Обновлено 13.10.2021 12:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін425
mod_vvisit_counterКеше894
mod_vvisit_counterОсы аптада4636
mod_vvisit_counterӨткен аптада7386
mod_vvisit_counterОсы айда19068
mod_vvisit_counterӨткен айда18737
mod_vvisit_counterБәрі1503908

Серіктестер