Онлайн газет



ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндет - жас ұрпақтың құқық бұзушылығының алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады.


Осыған байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен  Бурыл және Қостөбе ауылдық округтерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Жиынға Жамбыл облыстық кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекциясының аға инспекторы, полиция подполковнигі Диляфруз Кинжеханова, облыстық білім басқармасының бас маманы Мұхтар Керімбеков, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің этносаралық қатынастар саласында әдістемелік көмек көрсету және мониторинг жүргізу бөлімінің жетекшісі Аққу Қаратаева, медиация бөлімінің заңгері, медиация институтын дамыту үйлестірушісі Дина Амриева және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова қатысты. Семинар барысында мектептегі және өзге ұлт өкілдері  арасында этносаралық жағдай қозғалды. «Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жолдары» тақырыбында баяндама оқыған Мұхтар Амангелдіұлы облыстық полиция департаментінің оперативтік мәліметіне сәйкес биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандармен 48 қылмыс жасалып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27,2 % төмендегенін жеткізді. Сонымен қатар, Диляфруз Абазқызы: «Ата-аналар өздерінің баласы үшін жауапты. Үйде баланы қадағалап, ашық сөйлесу арқылы қылмыстық әрекетке баруына жол бермеуге болады. 1 сағат болсын балаға көңіл бөлінсе, тіпті қандай іспен шұғылданатынынан хабардар болса, балаға соның өзі жеткілікті. Күнделікті бақылауда жүрген бала қылмыстық іске бара бермейді. Мектеп басшылығымен, мұғалімдерімен бірлесе отырып балаңыздың тәртібін, сабаққа ынтасын, мінез-құлқын жөндеуге тырысыңыздар», - деп  ата-аналарға бала тәрбиесіне бей-жай қарамауға шақырды. Этнос өкілдері тығыз шоғырланған аудандар мен ауылдық округтердегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері бойынша өткен жиында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Обновлено 13.10.2021 12:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін461
mod_vvisit_counterКеше894
mod_vvisit_counterОсы аптада4672
mod_vvisit_counterӨткен аптада7386
mod_vvisit_counterОсы айда19104
mod_vvisit_counterӨткен айда18737
mod_vvisit_counterБәрі1503944

Серіктестер