Онлайн газет



“МЕЙІРІМДІЛІК - ЖҮРЕКТЕН”

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен көмекке  зәру қарт адамдарға, жалпы, қамқорлықты қажетсінетін жандарға қол ұшын беру - сауапты іс.
Мереке қарсаңында тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға тағы бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасайды. Осы мерекеге орай, атаулы күн ретінде жылда аталып өтіліп келе жатқан игі дәстүр біздің ауылда биылда жалғасын тапты. Былтырғы жылы Мырзатай ауылдық округінде мүмкіндігі шектеулі бес отбасына көмек көрсетілсе, биылғы мүгедектер күні қарсаңында  6 отбасыға, атап айтқанда, Сеңкібайлық Ақжол Әбдіманатқа, Таңатар Азаматқа, Мырзатайлық Маржан Ескермес, Толғанай Өтеген, Мұхтар Бақтияровқа, Дихан-2 ауылының тұрғыны Ерғанат Абжалға азық-түлік өнімдері табыс етілді.
Қайырымдылық шаралары әлеуметтік қызметкер Жұлдыз Көшкінбаева және округтің белсенді

жастарының  ұйымдастыруымен өткізіліп, демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарға алғыс айтылды. Осындай мұқтаж жандардың мәселелері мен қиындықтарына бей - жай қарамай, қол ұшын беруді өзінің борышы санайтын жомарт жандардың игі істері көпке үлгі болады деген ойдамыз.

 

Нұртас Уалиев,
Мырзатай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі аға инспекторы.

*     *     *     *     *
Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген адамдардың көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрып келеді.
Осы орайда, ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығында балаларға арналған «Мейірімділік - жүректен» атты мерекелік акция өтті. Кеш барысында мүмкіндігі шектеулі балалар өлең оқып, ән шырқады. Көңілді әуенге би биледі. Ашылғанына 1 жыл болған орталыққа балалар арнайы жолдама арқылы келеді. Үй жағдайында оқитын балалардың мұғалімдері де осы орталыққа келіп сабақ өткізеді.
Дамира Жолшанқызының басқаруындағы 14 қызметкері бар оңалту орталығында балалармен арнайы логопед, психолог, дефектолог, массаж жасаушы, ЛФКА, тәрбиеші, бала күтуші жұмыс істейді.
Жаңа оқу жылында балалар қабылдайтын мекемеде бүгінгі таңда 25 бала арнайы ем алып, жаттығады, сабақ өтеді. Соның нәтижесінде биыл орталықтан 2 бала орта мектепке барды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі.
Сондықтан, мұндай балаларға қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созу  адамгершілік қасиеттің көрінісі болып саналады.

Арайлым НАРБАТЫРОВА.

Обновлено 13.10.2021 12:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін382
mod_vvisit_counterКеше894
mod_vvisit_counterОсы аптада4593
mod_vvisit_counterӨткен аптада7386
mod_vvisit_counterОсы айда19025
mod_vvisit_counterӨткен айда18737
mod_vvisit_counterБәрі1503865

Серіктестер