Онлайн газет



“ӘПКЕЛЕР ЖОЛЫМЕН, АҒАЛАР ІЗІМЕН”

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Сарыкемер мектеп-гимназиясының 10 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлағатты ұстаз, мектеп директоры Гүлмира Есентаева өзі жетекшілік жасаған  үш буын  түлектермен «Әпкелер жолымен, ағалар ізімен» атты  кездесу кеші өткізілді.
“Жомарт түлек” кабинетіне жиналған ұстаздар қауымы өздерін білім нәрімен сусындатып, өмір айдынына  шығарып салған түлектерімен қайта қауышты. Кездесуде түлектердің басын қосудағы мақсатымыз - үш буынды түлектің бір-бірімен арман-ойларын бөлісуі, олардың бүгінгі өмірде бір кірпіш болып қаланған орындары туралы мағлұмат алу, бүгінгі тыныс  - тіршілігі туралы

ортаға салып, өздеріне білім берген ұстаздармен қауыштыру болды.
Ұстаздар Клара Мәжібаева, Базаркүл Буранбаева, Зәуреш Садуова, Маржан Беккулаева, Жанар Пірімқұлова өздерінің шәкірттерімен кездесті. 2012-2013 оқу жылы мектеп бітірген түлектер Аягөз Қуатова Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдап, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Польша елінде тәжірибе жинап келген. Қазіргі таңда, Сарыкемер мектеп-гимназиясында “Химия” пәнінен дәріс береді. Ал, Назгүл Нұрдавлетова, Назым Медирбекова, 2015 жылғы түлек Гүлжайна Қуанышова, 2016 жылғы түлек Жамбыл Бурамбаев Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өздері таңдаған мамандықтары бойынша жоғары білімдерін алып, бүгінде Сарыкемер мектеп-гимназиясында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде шыңдалуда.
Іс-шара барысында ұстаздар өздерінің шәкірттерімен болған қызықты әңгімелерін айтып бір-бірімен ой бөлісті. Түлектерге  сұрақтар қойылып, олардың бүгінгі өмірде бір кірпіш болып қаланған орындары туралы мағлұмат берілді. Мектеп психологы Перизат Махатова кездесуге жиналған ұстаздар мен түлектерге тренинг ұйымдастырды. Мектеп тарихында үлкен маңызға ие болған кездесуде 11-сынып оқушылары Серік Нарбаев пен Сарсен Жанель ұстаздарға ізгі ниеттерін білдіріп, алғыстарын айтты.
Кездесу соңында ән мен жырдан шашу  шашылып, ұрпақ тәрбиелеу жолында адал қызмет етіп келе жатқан мұғалімдерге ілтипат көрсетілді.

 

Жанар Ешенкулова,
Сарыкемер мектеп-гимназиясы директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары.

Обновлено 13.10.2021 12:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін448
mod_vvisit_counterКеше894
mod_vvisit_counterОсы аптада4659
mod_vvisit_counterӨткен аптада7386
mod_vvisit_counterОсы айда19091
mod_vvisit_counterӨткен айда18737
mod_vvisit_counterБәрі1503931

Серіктестер