Онлайн газет



“ТУҒАН ЖЕР - АЛТЫН БЕСІГІМ”

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Туған жер - алтын бесігім" тақырыбында ақын, жыршы, термеші, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты Ертай Тазабековпен кездесу өтті.
Бүкіл Одақтық ІІ халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойында Жамбыл қорының арнайы Алғыс хатын иеленген, белгілі Аяз Бетбаевтың  шәкірті Ертай Ойшыбекұлы үлкен өмір мектебінен өткен азамат.
Ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты - жастарды ақын-жыршымен таныстыру, сұхбат жүргізу арқылы жас буынның  ойлау өрісін дамытып, патриоттық сезімін арттыру

болды. Кездесуді орталықтың директоры Еркін Сайлауұлы  құттықтау сөзімен ашып, келер ұрпаққа Тәуелсіздіктің маңызын түсіндірді.
Кеш барысында жиналған қауым ақын-жыршының өмірбаянымен танысып, өнер жолындағы жетістіктері мен болашақтағы жоспарларынан xабардар болды. Ақынға «Смарт» үйірмесінің оқушысы Амина Сағымбай, «Шебер қолдар» үйірмесінен Жазира Рахат, «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Т. Жұмалиев, бұқаралық бөлімнің меңгерушісі Сымбат Атабек тарапынан ақынның өнер жолына келуі, Тәуелсіз елімізге қосқан үлесі, өнер мен өмір жолындағы кездескен қиыншылықтары төңірегіндегі сауалдарға тұшымды жауаптар алынды. Кездесу барысында «Жеті нота» үйірмесінің оқушылары Саян Қуанышбек Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындап, Назерке Закирова биімен тәнті етті. Кеш соңында қонақкәде ұсынылып, көрермендер көңілді тарқасты.

 

Нұрахан Абдуалиев,
балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының «Өлке зерттеуші» үйірмесінің жетекшісі.

Обновлено 13.10.2021 12:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін416
mod_vvisit_counterКеше894
mod_vvisit_counterОсы аптада4627
mod_vvisit_counterӨткен аптада7386
mod_vvisit_counterОсы айда19059
mod_vvisit_counterӨткен айда18737
mod_vvisit_counterБәрі1503899

Серіктестер