Онлайн газет



АУЫЛ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІV конференциясы өткізіліп, оның жұмысына аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Бақыт Қазанбасов төрағалық етті.
Аудандық партия филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихаттың хатшысы және бірқатар аудандық мекемелер мен ауылдық округ әкімдері, «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері, саяси  партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтардың басшылары, этномәдени орталықтардың жетекшілері, партия аудандық филиалы «Jas Otan» Жастар қанаты мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен ашылған конференцияға 47 делегат

қатысты.
Конференцияның күн тәртібі мен жұмыс регламенті бірауыздан бекітілген соң, күн тәртібіне сәйкес, «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округінің әкіміне кандидат ұсыну туралы мәселе қаралды.
Конференцияның жұмысшы органдары сайланып, мандат, хатшылық және санақ комиссиясының жеке құрамдары нақтыланған соң, мандат комиссиясының хабарламасы бекітілді.
Конференция төрағасы Бақыт Алпысбайұлы «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.6-тармағына сәйкес, партия аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюросы Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынуы бойынша партия мүшелерінен түскен өтініштердің Бюрода талқыланғанын атап өтті.
Кезектен тыс конференция қорытындысы бойынша делегаттар «Nur Otan» партиясы» Қоғамдық бірлестігінен Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округінің әкімі лауазымына Аширбеков Ерлан Әбенұлының кандидатурасын ұсыну туралы тиісті қаулы қабылдады.

 

Арайлым НАРБАТЫРОВА.

Обновлено 13.10.2021 12:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін351
mod_vvisit_counterКеше894
mod_vvisit_counterОсы аптада4562
mod_vvisit_counterӨткен аптада7386
mod_vvisit_counterОсы айда18994
mod_vvisit_counterӨткен айда18737
mod_vvisit_counterБәрі1503834

Серіктестер