Онлайн газет



ХАЛЫҚ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялап, еліміздің алдағы даму стратегиясын айқындап берді.
Президент пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады. Мемлекет басшысы Жолдаудың негізгі басымдықтарын айқындап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақсаты екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы бірлескен отырысқа қатысқан Парламент депутаттарына әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындауға шақырды. Халықтың мүддесін қорғау жолында әрдайым табандылық танытуы керек екеніне ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы айтқандай, әрбір шешім елдің сұранысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажет деп есептеймін.

Гүлбахрам Ермекова,
Н.Киікбаев атындағы мектеп - гимназиясының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін330
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3689
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9875
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476404

Серіктестер