Онлайн газет



ЕҢБЕК АДАМЫ БАҒАЛАНУЫ ТИІС

- дейді арнайы іссапармен ауданымызға келіп, шаруа қауыммен кездесу өткізген «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінің Басқарма Төрағасы Жигули Дайрабаев. Аталған басқосуды аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков ашып, кездесудің мақсатына тоқталды. 
- Қазақстан Республикасы бойынша бүгінде 52 мыңнан астам фермерлер одағының мүшелері болса, он төрт облыс пен аудандарда филиалдары жұмыс жасайды.
Автокөлікпен еліміздің біраз аймағын аралап, ауыл шаруашылығы секторындағы ахуалды

көзіммен көріп келдім. Орынбасарым екеуміз 15 мың шақырымға жуық жолды Ақмола, Қостанай облысынан бастап, 6 облыстың 23 ауданындағы 49 шаруашылыққа бардық. Менің бұл сапардағы мақсатым – шағын шаруашылықтарды аралап, жұмысын көріп, мұң-мұқтажын білу болды. Жер-жердегі атқарушы билікті мақтау немесе даттау туралы ойым жоқ. Шаруалардың жай - күйіне назар аударту арқылы оларға деген қоғамның көзқарасын, жергілікті атқарушы биліктің фермерлер қауымына деген ұстанымын жақсы жағына өзгерткім келеді, - деп сөзін бастаған Жигули Молдахалықұлы ауыл шаруашылығы саласындағы кемшіліктер мен алдағы жоспарлары туралы ойын ортаға салды. Сонымен қатар, аталған басқосуда «Жамбыл облысы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту» пилоттық жобасы, Мемлекет басшысының кезекті Жолдауынан туындайтын міндеттер, Жамбыл облысындағы ағын су мәселесі, ауыл шаруашылығы саласындағы статистиканы ретке келтіру, сала мамандарының жетіспеушілігі, келер жылдан бастап қабылданатын агроөнеркәсіп кешені жөніндегі жаңа жоспар, Қайнар ауылында орын алған төтенше жағдай туралы кеңінен сөз қозғады.
- Шаруаға, еңбек адамына жағдай жасалуы керек. Көп жылға төмен пайызбен несие берілуі тиіс. Атқарушы билікпен бірге осы бағытта жұмыстарды жандандырып, еңбек адамдарына барынша қолдау көрсету қажет ,- дей келе, Басқарма төрағасы «Агали» шаруа қожалығының жетекшісі Наби Агалиевке «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігінің атынан «Үздік фермер» төсбелгісін табыс етті.
Мағыналы кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков Жигули Молдахалықұлына ризашылығын білдірді.

 

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 15.09.2021 11:07
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін368
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3727
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9913
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476442

Серіктестер