Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МІНСІЗ БОЛУЫ КЕРЕК

Бүгінде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндерге артылар міндет ауқымды екені белгілі. Осы бағытта аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы апта басында аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен алқалы жиында аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Еркін Заурбеков есепті баяндама жасады.
Аталған басқосуға Қазақстан Республикасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Лесбек Илебаев арнайы қатысты.
Жиын барысында Еркін Әзімханұлы   аудан бойынша мемлекеттік органдардың штат саны  204, оның ішінде, 1-еуі саяси қызметкер, 203-і «Б» корпусына жатқызылған әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерді құрайтынын айтты. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің сапалық және сандық құрамы, қызметтен босатылғандар саны және оның себептері, өткізілген конкурстар нәтижесі, мемлекеттік қызметшілер тарапынан «Қазақстан Республикасының Әдеп туралы» кодексін және мемлекеттік қызметке кір келтіретін фактілері бойынша Әдеп нормаларын сақтамаған тәртіптік жазаға тартылғандармен атқарылған шаралар, біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан өткізілген қызметшілер, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында ұйымдастырылған анонимді сауалнама нәтижесі жөнінде баяндап берді.
Өткізілген ішкі конкурстар бойынша 19 бос мемлекеттік лауазымдарға конкурс жарияланып, нәтижесінде 12 үміткер жеңімпаз атанған. Жалпы конкурс бойынша 7 бос мемлекеттік лауазымдарға конкурс жарияланып, 6 азамат мемлекеттік қызметке қабылданды.


Сала мамандарын іріктеудің тәртібін күшейту, мемлекеттік қызметке қабылдаудың төменгі лауазымдардан басталуы қағидатын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы 10 мемлекеттік қызметкер жоғары лауазымға ұсынылған. 
Бұған қоса, 32 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курсынан, ал, 20 мемлекеттік қызметші қайта даярлау семинарынан өткізіліпті. Аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында сәуір айында жүргізілген анонимді сауалнамаға 168 мемлекеттік қызметші қатысқан. Қамтылған респонденттердің 98% әріптестерінің қарым-қатынасы әдепті әрі сыпайы екенін көрсетсе, 168 респондент (100%)  ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың ұнайтынын айтқан. Сондай-ақ, Әдеп қағидасы, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттандыру жұмыстарының барысы мен Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша жүргізілген түсіндірме жұмыстары да айтылды.
Облыстық департамент басшысының міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Лесбек Құралбайұлы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету саласы бойынша жүзден аса қызмет түрлері көрсетілетінін, елімізде қызмет көрсету тізіліміне сәйкес 697 қызмет түрі бар екенін атап өтіп, камералдық тұрғыда бағалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
- Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылдың  қыркүйек айында Президентке жастар кадрлық резервінің екінші кезеңі басталды. Құжаттарды қабылдау 1 қыркүйектен басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Сондықтан, болашағынан үміт күттіретін 35 жасқа толмаған, талантты аудан жастарын осы шараға қатысуға шақырумыз керек, - деді.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков, аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Қанай Жүзбаев сауалдарын жолдап, оларға заңнамаға сәйкес тиісті жауаптар берілді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі аппаратының басшысы Еркін Заурбеков маңызды басқосу барысында көрсетілген кейбір кемшіліктер дер кезінде жойылатынын жеткізіп, алдағы уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы жұмыстарды жандандыратынына сенім білдірді.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 15.09.2021 10:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін329
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3688
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9874
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476403

Серіктестер