Онлайн газет



СЕНБІЛІККЕ БІРКІСІДЕЙ АТСАЛЫСТЫ

Біз көше мәдениетін қозғағанда ең алдымен тазалықты сөз ететініміз анық. Өйткені, көшедегі мәдениеттіліктің бастауы тазалық екені айтпаса да түсінікті. Әрбір адам өзінің көшесін, ауласын таза ұстау арқылы қоғамға пайдасын тигізеді. Ал, қоршаған орта күл-қоқысқа толып жатса, оның адам денсаулығына тигізер зияны көп. Сол себепті де тұрғындар айналаны ластамай, біреудің айтуымен емес, өзінің денсаулығы үшін санитарлық тазалыққа мән беріп қарағаны жөн.
Жыл сайын көктемгі және күзгі уақытта екі айды қамтитын тазалық айлығы жүргізілетіні белгілі. Аудан көлемінде уақыты бекітіліп, сол бойынша сенбіліктер ұйымдастырылады. Өткен сенбіде ұйымдастырылған жалпыаудандық сенбілікке аудан тұрғындары белсене қатысты. Аудан әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, аталған сенбілікке 18 ауылдық округтен қызметкерлер және ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдар, жалпы саны 3931 адам қатысқан.
Сенбілік барысында 40 дана тал дарағы отырғызылып, 563 дана ағаштар әктелінген. Сондай-ақ, шіріген, сынған немесе адам не өзге де ортаға қауіпі бар, қоршаған ортаны ластау күйінде жатқан 2032 тал бұтақтарына кесу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, аудан аумағында орналасқан 26 қоғамдық ғимараттың бас келбеттерін және сырт пішіндері мен қоршауларын ретке келтіру жұмыстары жасалып, аумағы шамамен 5 395 шаршы метрді қамтитын саябақтар мен скверлердің аумақтары тазаланды. Ұзындығы шамамен 29 шақырымды құрайтын каналдар мен арықтар және 44,7 шақырымдық көше аулалары тазаланған. Жиналған 22,8 тонна қоқыстар тасымалданып, тиісті орынға шығарылып, 12 кездейсоқ қоқыс орындары жойылған.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың жиырмасыншы тамызында «Қоғамдық орындарды абаттандыру екі айлығын өткізу туралы» аудан әкімдігінің №382 қаулысы қабылданған болатын. Алдағы уақытта сенбілік жұмыстары аудан орталығы мен барлық ауыл, ауылдық округтерде өз жалғасын табатын болады.

Мейрамбек ТУРДЫЕВ.

Обновлено 15.09.2021 10:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін343
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3702
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9888
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476417

Серіктестер