Онлайн газет



ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ЕКІ САҒАТ ІШІНДЕ ТІРКЕУГЕ БОЛАДЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бастамасымен ҚР Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді нотариуста жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жасалған мәміледен кейін клиент қалауы бойынша қосымша ақы төлеп, қызмет нәтижесін төлем жасалған сәттен бастап екі сағат ішінде жеделдетілген тәртіппен ала алады.
Бүгінгі таңда нотариусқа жүгінген клиенттерге нәтижелер жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін ақы төленгені жөніндегі мәлімет құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Көбіне бұл ипотеканы, несиені, кепілді және банктердегі басқа да қажеттіліктерді ресімдейтін клиенттердің мүлкін құжаттау процесін кешіктіруі мүмкін.
«Қызмет көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Процесті жеделдету үшін азаматтар құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін түрлі айла іздейтінін жоққа шығармаймыз. Бұл өзгерістер жылжымайтын мүлікті сату нарығына да айтарлықтай әсер етеді», – дейді мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Каѕрі компаниясымен бірлесіп, жылжымайтын мүлікті нотариустарда тіркеген клиенттер үшін Кaspi.kz қосымшасында қызмет ақысын төлеу мүмкіндігін іске асырған болатын.  Айта кетейік, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтар нотариустар арқылы жылжымайтын мүлік бойынша 570 мыңнан астам мәміле жасасқан.

Анықтама: Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы бұйрығымен бекітілген «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер 2021 жылғы 17 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін376
mod_vvisit_counterКеше846
mod_vvisit_counterОсы аптада3735
mod_vvisit_counterӨткен аптада3822
mod_vvisit_counterОсы айда9921
mod_vvisit_counterӨткен айда14054
mod_vvisit_counterБәрі1476450

Серіктестер