Онлайн газет



ТҮРКІСТАНДЫҚ ИМАМДАР КӨМЕГІ

Қайнар ауылы маңындағы әскери бөлімде орын алған төтенше жағдайға байланысты бүгінде қалпына келтіру жұмыстары қарқын алса, еліміздің барлық аумағынан түрлі дәрежедегі көмектер легі толассыз ағылуда.
Сондай қайырымдылық шаралардың біріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Түркістан облысының имамдары мен «Зекет және қайырымдылық» қоры мұрындық болды. Атап айтсақ, Түркістан облыстық мешіті бас имамының орынбасары Самат Анарбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының Түркістан облысы бойынша өкілі Еркін Полатов, Түркістан облыстық мешітінің іс басқарушысы Мұхамеджан Естеміров 170 адамға арналған бірінші қажеттіліктегі азық -түлік пен 15 кілемді табыстады. Дін өкілдері қажетті азық-түлікті қайнарлық тұрғындарға тапсырып, Тараз жұртымен бірге екендіктерін жеткізді. Төтенше жағдайға байланысты өздеріне көрсетіліп жатқан көмекке ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысының имамдарына алғыстарын айтты.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 13.09.2021 11:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1102
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7119
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32686
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203416

Серіктестер