Онлайн газет



БАҒДАРЛАМА НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ

Тұрғындар арасында солтүстік өңірлерге қоныстанудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктерін насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрақты түрде өткізілген шаралар өз нәтижесін беруде.
Жыл бойына үздіксіз жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде былтырғы жылы ауданымыздан солтүстік облыстарға 24 отбасының 71 мүшесі ерікті түрде қоныс аударған болатын.
Қоныс аударған азаматтарға тиісті жұмыстар қарастырылып, баспанамен қамтамасыз етілді. 1 жылға дейін мемлекет тарапынан пәтерақылары төленіп, отбасы балаларының балабақша мен мектепке орналасуларына жәрдем берілді. Әрбір отбасы мүшесіне көшуге қайтарымсыз көтерме ақша өткен жылы 97 230 теңге болып есептелінсе, ал, биылғы жылы 204 190 теңгеден есептелінуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін ерікті түрде 15 отбасы 51 мүшесімен солтүстік өңірге қоныс аударды. Сонымен қатар, бағдарлама аясында «Гидропоника» мамандығы бойынша 3 ай мерзімге кәсіптік оқытуға жіберілген 19 адам оқуларын аяқтаса, бүгінде осы мамандық бойынша 21 адам білім алуда. Гидропоника – өсімдіктерді топырақсыз, жасанды ортада – қоректік заттардың судағы ерітіндісінде өсіру әдісі болғандықтан осы мамандыққа деген сұраныс та күн санап артып келеді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарды «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағыты бойынша нәтижелі және жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасуларына да ықпал етуде.
Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізінде, олардың жалақысын субсидиялай отырып құратын жұмыс орны болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарын салық және басқа әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізіп отыратын және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер ұйымдастырады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды және онда жолданған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады. Әлеуметтік жұмыс орнын жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құрады, олардың арасында аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғалар, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар басымдықты пайдаланады. Нәтижесінде орталық арқылы үстіміздегі жылы жоспарланған 260 адамның орнына бүгінгі күні 303 адам әлеуметтік жұмыс орнына жолданып отыр.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Сәрсен САМЕНБАЕВ,
Айдана САУЛЕБАЕВА,
аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1223
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7240
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32807
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203537

Серіктестер