Онлайн газет



ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Өткен аптада Сарыкемер ауылындағы «Большебеков. Алмаз. Инкарбекович» жеке кәсіпкерлігінің иелігіндегі «Іңкәрбек» ғимаратында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Байзақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі салтанатты түрде ашылған болатын.
Аталмыш шараға облыстық партия филиалының төрағасы Ерболат Саурықов арнайы қатысып, қабылдау бөлмесінің лентасын қиды.
- Біздің партияның негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылу болса, партия жанында құрылған қоғамдық қабылдау бөлмесі бұл мәселеде үлкен рөл атқарады. Аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі ауданымызда белсенді жұмыс атқаруда. Күнделікті азаматтарды қабылдап, көкейіндегі түйткіл мәселелерін шеше алмай жүрген талай азаматтарға көмегі мен кеңесін беріп отырады, - деді Ерболат Байұзақұлы. Сонымен қатар, ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау, қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, өсімсіз несие беру секілді көптің көңілінен шығарлық өзекті мәселелерге тоқталды.

*    *    *
Жаңа тұсауы кесілген қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ерболат Саурықов пен “Ауыл” партиясынан сайланған аудандық мәслихат депутаттары Бағдат Момынов пен Алмаз Большебеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Сарыкемер ауылының тұрғыны Төле Наржанов облыстық мәслихат депутаты Ерболат Саурықовқа халық көп шоғырланатын Халыққа қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімі, мешіттер мен сауда орталықтары секілді орындарға арнайы су құдықтарын орнату ескерілсе деген ұсынысын жеткізді. Ерболат Байұзақұлы бұл жағдай тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісімге сәйкес шешілу керектігін, алайда, мәселені назарға алып, аудан басшылығы мен тиісті тұлғаларға жеткізетінін айтты.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары Бағдат Момынов пен Алмаз Большебековтің қабылдауына ауыл тұрғыны, жалғызбасты ана Ғалия Молдабаева материалдық жағдайының төмен, тұрғын үйінің жоқтығын айтып, жәрдем сұрады. Депутаттар тұрғын үй мәселесі бойынша жағдайды назарға алып, заңнамаларға сәйкес түсінік берді. Сондай-ақ, қаржылай жәрдем жасағанын айта кетейік.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылу салтанатына аудандық мәслихаттың хатшысы Бақтияр Ақбаев, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысты.

Керімхан АМИРОВ,
«Ауыл» ХДПП Байзақ ауданы бойынша филиалының төрағасы.

Обновлено 08.09.2021 11:00
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін151
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6168
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31735
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202465

Серіктестер